astana-view

Ұлттық палата Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынды

2021 жылғы 17 Тамыз
6784 просмотров

2021 жылғы 16 тамызда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  кәсіпкерлерді қолдау жөнінде кезекті ұсыныстарын айтты.

 «Ауру жұқтыру бойынша динамиканы бағалайтын болсақ, бірқатар өңір бойынша оң үдеріс барын байқауға болады. Әрине, індеттің өршуін тежеп жатқан вакциналаудың үлесі зор. Вакциналау картасының мәлеметтері бойынша, мәселен, қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің 50%-ынан астамы вакцинаның бірінші компонентін салдырған», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Вакцина науқанына және карантин шектеулеріне жауаппен қараған кәсіпкерлердің әрекетіне байланысты «Атамекен» ВАК қарауына мынадай шараларды ұсынды:

 - Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру;

-мониторинг топтың вакцина салдырған қызметкерлерді анықтау бойынша нақты механизмін пысықтау;

- өңірлер бойынша карантин талаптарын қатаңдатуға жол бермей, Ashyq жобасына қатысушы кәсіпкерлерге Бас санитар дәрігердің қаулысын басшылыққа алуға рұқсат беру;

 - бизнес нысанның мөлшеріне қарай Ashyq лидерлеріне арналған критерийлерді жетілдіру;

 -жобада жұмыс істеудің тиісті алгоритмі әзірленгенше, мониторинг жүргізу және іске асыру механизмі нақты емес нысандарды жобаға қоспау. Мұндай нысандарға, мәселен, қоғамдық көлік, ашық базарлар жатады.

 «Сонымен қатар кәсіпкерлерді көлеңкеден шығарудың шарасы ретінде Түркістан облысында «жасыл» статуспен келушілер саны 100 адамнан артық емес мөлшерде отбасылық іс-шаралар, той өткізудің алгоритмін пилоттық режимде әзірлеуді ұсынамыз», – деді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер