astana-view

Маңғыстаудағы қуаңшылық: Қазақстанда алғаш рет жаңбыр жаудыру әдісі қолданылуы мүмкін

2021 жылғы 24 Тамыз
8187 просмотров

Маңғыстау өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында қуаңшылықпен күрес мәселесі талқыланып, жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы ұсынылды. Бизнесмендер бұл бастаманы қолдап отыр.

Технология апробациядан өтсе, өңірде бес құрылғы қондырып, барлық жеріне жаңбыр жаудыруға болады. Қуаңшылықтан қиындық көрген шаруалардың мәселесін шешіп, қырылып жатқан жануарлар құтқарылады.

Отырысқа қатысқан фермерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен облыстық әкімдік өкілдері жаңа технологияға қатысты жан-жақты мәселені көтерді.

«Қазір Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында құрғақшылық болып жатқаны өздеріңізге белгілі. (...) Малдың көлемі, жерге экоцид, өсімдіктің өспеуі, мал жайылымының тарылуы сияқты көптеген мәселе туындап жатыр. Біз проблемадан шығу үшін елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологиядың бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа жолын көріп отырған жоқпыз», – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Бірнеше мемлекетте сыналған жаһандық International Center of Climate Change Technologies жобасын елімізге ендіріп отырған Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясының басшысы Алтай Айнабектің айтуынша, бұл технологияның негізінде әлемде бірнеше ғана компания жұмыс істейді. Азаматтық мақсатқа қолдануға болады. Қоршаған ортаға, адамдарға, жан-жануарға, ұшақтарға әсер етпейді – ешқандай зияны жоқ. Ол туралы европалық De Nayer зертханасының оң қорытындысы бар – Clear Sky Manager технологиясы.

«Теріс иондарды атмосфераға жіберу арқылы атмосферадағы әртүрлі деңгейдегі ылғалдарды шоғырландырып және Каспий теңізінің акваториясындағы буланған ылғалдарды Маңғыстаудың терең аудандарын тасымалдау арқылы бұлттар түзіледі және керек жерде жаудырылады. Біз ұсынып отырған «Clear Sky Manager 5» және «Clear Sky Manager 7» технологиялары Ресей, АҚШ, Жапония, ЕуроОдақта патенттелген. Климатты басқару саласының әлемдік деңгейдегі мойындалған докторлар, метериалолог, аэролог және басқа мамандар жұмыс істейді», – деді Алтай Айнабек.

Компания өкілі климатқа, су шаруашылығына қатысы бар жергілікті мамандар аудандарды аралап, құрылғыны қондыратын бес орынды анықтап беретінін атап өтті.

«Осы бесеуі Маңғыстау облысын қамти алады. Құрылғы 200 км-радиуста жұмыс істейді. 100 000 шаршы шақырым жерге тиімді. Жылдық жаңбыр мөлшері кем дегенде 30 пайызға көбейеді. Нәтижесін бір ай ішінде көрсете аламыз», – деп түсіндірді компания өкілі.

Айбек Айнабектің айтуынша, әлемде бұл технологияның аналогымен жұмыс істейтін компаниялардың бір жылдық құны – 10-50 млн еуро арылығында. Компанияның ұсынысы бірнеше есе арзан және ол өз қаржысына технологияның бірінші нәтижесін көрсетуге дайын.

«Біздің технологиямыздың бір жылдық сервис құны 5 млн еуро, бірақ детонациялық жұмыстар кезінде 1,3-2 млн еуро аралығында жұмыс көрсетеміз, қалған 3-3,8 млн еуро демонстрация жобасы аясында бізден бірлескен инвестиция болады және қаржыны графикпен нәтиже көрсеткен соң аламыз», – деді ол.

Отырысқа қатысушылар бұл климаттық технологияны Маңғыстау облысында тәжірибеден өткізіп, сынап көрейік деген шешім шығарды. Бұдан басқа облыс әкімдігіне, Ауыл шаруашылығы, Экология министрлігіне тиісті ұсыныс жасалады.

«Өңірдегі кәсіпкерлер технологияны ендіруге қатысты кей шығынды өтеуге, мысалы тасымал, темір-терсек монтажы деген сияқты бірқатар жұмысты орындауға дайын», – деп қорытындылады талқылауды Еділ Жаңбыршин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер