astana-view

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді Ashyq QR-кодтарын пайдалануға шақырады

2021 жылғы 04 Қыркүйек
- Павлодар облысы
4294 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді Ashyq бағдарламасының QR-кодын тұрақты пайдаланып, талапқа сай жұмыс істеуге шақырады.

 Өңірде 6140 бизнес субъекті Ashyq жобасына қатысып жатыр.

Бұл – жеке QR-кодты алып, келушілерді тіркеп, кіргізетін нысандар. Бірақ облыста 293 нысанның QR-кодын пайдаланбай жұмыс істеп жатқаны анықтылған. Олардың түрлі себебі бар.

 Басты себеп – мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа талабы. Енді демалыс күндері бизнес нысандарға «жасыл» статусы бар азаматтардан басқаға  кіруге рұқсат етілмейді. 

 Демалыс күндері жұмыс істемесе кәсіпорындар негізгі кірісінен айрылады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері рейд жүргізіп, Ashyq қосымшасын талапқа сәйкес қолданып жатқан кәсіпкерлерді аралады; әркімнің жағдайы әртүрлі.

 «Мен ақшасымен келетін клиенттерді көремін. Біз оларға демалыс күндері жұмыс істемейтінімізді айтамыз. Бізге келетін әр үшінші келушінің статусы «көк» түсті. «Көк» статусты кіргізуге құқығымыз жоқ», – деп мәлімдеді «Галерея» рестобардың өкілі.

Әдетте рестобарға төрт-бес адамнан құралған компания тамақтануға келеді, келушілердің жартысында «жасыл», қалғанында «көк» статус анықталады. Кештің сәні бұзылады.

Қыз бен жігіт қол ұстасып келеді, мобильді қосымшамен QR-кодты сканерлейді:  жігітте: «жасыл», қызда «көк» статус жанады.

  «Арман» сауда үйінің өкілі Вера Соболева мұнда Ashyq қосымшасына түрлі пікір барын айтты. Кейбір келуші пандемия басталғалы екі жыл ішінде эпидемиологиялық талаптарға еті үйренген болса, кейбір азаматтар есікте QR-код белгісін көрсе, дүкенге кірмей кері қайтып кетеді. 

«Көк» статус 40-50 жас аралығындағы азаматтарда анықталады. Жастар мен егде тартқан адамдардың барлығында дерлік «жасыл» статус.

«Көк адам нысанға кірмей жатып кетіп қалады. Тіпті Ashyq-ты сканерлігісі келмей, бұрылып кетеді», – дейді Вера Соболева.

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы QR-код алған барлық бизнес субъектілерін демалыс күндері жұмыс істеу немесе өзінің жұмыс режимін арттыру, кодты әрбір келушіні тіркеу үшін мақсатты пайдалануға  шақырады.

 «Қазір бизнес субъектілерінің шығыны көп, енді жаңа қаулыға сәйкес демалыс күндері нысандарға «жасыл» статусы бар азаматтар ғана кіре алады. Сәйкесінше «қызыл», «сары» «көк» статуспен келушілер нысанға кіре алмайды», – деді ӨКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Мүбәрак Жақыпов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер