astana-view

Екі аптада карантин талабын бұзғандар саны 3,6 мыңға артты

2021 жылғы 06 Қыркүйек
7103 просмотров

Елімізде 24 тамыздан бастап карантин талабын бұзғандардың саны 3,6 мыңға артып, 77,6 мың болды. Бұл деректер Ashyq қосымшасы арқылы анықталды.

Демалыс күнгі локдаун енгізілгеннен кейін жұмыс күндері чекиндер саны 1,8-2 млн болса, демалыс күндері 500-600 мыңға жетті.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпорындар саны 6 есе артты.

12 сәуірден бастап бүгінге дейін карантин талабын бұзғандардың көрсеткіші 85 мыңнан асты. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 62 645 келуші, «сары» статусы бар 22 361 азамат анықталды.

Айта кетейік, қазір Ashyq-тың төрт миллионнан аса пайдаланушысы бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер