astana-view

Әлеуметтік желілерде Ashyq жобасына қатысты жалған ақпарат тарады

2021 жылғы 08 Қыркүйек
6013 просмотров

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде Ashyq жобасының тіркеу жазбасының шектелуі және әкімшілік айыппұлдың салынуы туралы жалған ақпарат тарап жатыр.

«Құрметті кәсіпкерлер, назар аударыңыз,  Ashyq жобасын пайдалану бойынша шектеулер «Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы» ҚР Бас санитар дәрігердің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысында көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін», – деп жазды «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 Бүгін қазақстандықтар Ashyq сервисін Kaspi.kz  («Kaspi Bank» АҚ) және Homebank («Halyk Bank» АҚ) мобильді қосымшалары арқылы қолданып жүр. Бұл сервис ПТР-тестілеуді өту туралы деректер базасы және Вакциналау картасы негізінде нысанға келушілер және басқа да адамдардың статусын анықтауға көмектеседі. Банктер жобаға қатысушы – кәсіпкерлер туралы қандай да бір ақпарат алмайды.

 Осыған байланысты ақпаратты https://ashyq.kz/ ресми сайтынан пайдалануды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер