astana-view

Шаруалар картопты арзан сатуға келіспейді

2021 жылғы 30 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
4107 просмотров

Бүгін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Жуалы аудандық картоп өсіруші шаруалардың мәселелері талқыланды.

Нақтырақ айтқанда, өткен жылдың күзінде «ӘКК Тараз» акционерлік қоғамы жуалылық 11 шаруа қожалығы арасында 144,8 млн теңгеге қарыз беру туралы келісімшарт жасалған.

Келісімшарттың мақсаты  облыстың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Сол себепті де шаруаларға жеңілдетілген 0,01%-бен несие берілген болатын.  

Сондай-ақ, келісімшартқа сәйкес, қарыз алушы кәсіпкерлер 2021 жылғы егіннің 50 пайызын келісіне 65 теңгеден аспайтын бағада өткізуі тиіс. Бұл облыстық тұрақтандыру қорының мұқтажын өтеуге қажет.

«Алайда картоп тұқымының сапасы төмен, сондай-ақ ауарайы қолайсыздығына байланысты биыл егін көлемі жоспарды ақтамаған. Сонымен қатар, картоп бағасы нарықта жылдағыдан қымбат. 65 теңгеден «ӘКК «Тараз» АҚ-ға өткізу шығынымызды ақтамайды», – дейді шарауалар.

Олар картопты тұрақтандыру қорына нарықтық бағадан 20 пайызға қымбат өткізуді сұрап отыр.

Басқосуға қатысқан ауыл шаруашылығы басқармасы, «ӘКК «Тараз» АҚ және «Злиха» ШҚ, «Азамат» ШҚ, «Алатау» ШҚ, «Аскар» ШҚ, «Жаннат» ШҚ, «Жүзбай» ШҚ, «Садирова» ШҚ, «Төлеген» ШҚ, «Үмбетәлі» ШҚ, «Шарипов» ШҚ, «Рапилбек» ШҚ басшылары қатысып, сауалдарын ортаға салды.

«Тараз» ӘКК» АҚ сауда және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Арман Түймебаевтың айтуынша, қыс мезгілінде әлеуметтік маңызы бар саналатын картоп өніміне сұраныс артады. Яғни, халық сұранысын өтеу және наразылық тудырмау үшін шаруалар қазір кемінде мың тонна картоп өткізуі қажет.

Шенеуніктер бизнестің жағдайына бей-жай қарамай, бұл мәселені «Тараз» ӘКК» басқарма кеңесінің отырысында қаралатынын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер