astana-view

Санэпидбақылау кәсіпкерлерге вакцина салдырмаған қызметкерлері үшін айыппұл салу құқын алуы мүмкін

2021 жылғы 07 Қазан
6972 просмотров

 Қызметкерлерде вакциналау паспортының болуына тексеруді заңдастыруды  денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрліктері ұсынды.

Олар «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» 2017 жылғы 20 шілдедегі бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасады.

Бұйрық 2021 жылғы 6 қазанда Ашық НҚА порталында талқылау үшін орналастырылды. ҰКП заңға тәуелді актіні қабылдау азаматтардың вакцинацияға еріктілігін жояды, сонымен қатар кәсіпкерлерге айыппұл салады деп мәлімдеді.

  «Құжатқа сәйкес соңғы жеті күнде вакциналау паспортының болмауы, ПТР-тестілеудің немесе екпеден босататын меициналық анықтаманың болмауы өрескел бұзышылық болып саналады. Демек, өзгерістер мен толытырулар енгізу СЭҚ органдарына қызмет түрі және бизнес санатына қарамастан кез келген жұмыс берушіге қатысты ӘҚБтК 425-бабы бойынша айыппұл санкцияларын қолдану құқығын береді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.

 Өз ұсыныстары мен ескертпелерін кәсіпкерлер Ашық НҚА порталында 2021 жылғы 20 қазанға дейін қалдыра алады.

 Еске салсақ, «Атамекен» ҰКП 2021 жылғы тамызда Бас прокуратурадан ресми жауап алды, онда қызметкерлерге вакцинацияның болмауы фактілері бойынша кәсіби бақылау немесе тексерулер жүргізуге заңды негіз жоқ деп айтылды. ӘҚБтК 462-бабының 3-тармағына сәйкес субъект өзіне заңды негізде берілген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің актілерін орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. СЭҚ актілері олар тексерулер жүргізген жағдайда берілуі мүмкін.

 Кәсіпкерлік кодекстің 143-бабының 3-тармағына   тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бақылау мен қадағалау бойынша тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана жатады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парақтарында вакциналаудың болуы сияқты талаптар жоқ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер