astana-view

Отандық туроператорлар қызмет ету лицензиясын қайта рәсімдеуі қажет

2021 жылғы 14 Қазан
- Қостанай облысы
10207 просмотров

Биыл 11 қазаннан бастап келер жылдың 4 қаңтарына дейін барлық отандық туроператор қызмет түріне қарай лицензияларды қайта рәсімдеуі тиіс.

Осылайша нарық қатысушыларын ішкі және туризм кәсіпорындарына бөледі.  

 «Туроператорлық қызметтің қосалқы түріне қарамастан лицензия алу үшін үш шартты орындау қажет. Бірінші – фирманың қалыпасқан туристік өнімі болуы керек. Екінші – компанияда туризм саласында тиісті білімі және жұмыс тәжірибесі бар ең кемі бір қызметкердің болуы. Үшінші – жеке меншікте немесе басқа да негізде кеңсеге арналған үй-жайдың болуы. Көшпелі туризм операторларына банк кепілдігін салу келісімшарты қажет», – деп түсіндірді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгүл Есентемір.

 Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ЭЦҚ-ны қолдану арқылы www.elicense.kz порталында жүзеге асырылады.

 Лицензияны алу және қайта рәсімдеу алгоритмі:

 1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу, кейін жаңа терезеде «Электронды лицензиялау» порталы ашылады.

 2. Жүйеге кіру немесе «Электронды лицензиялау» порталына тіркелу.

3.  Қызмет паспортында құжаттар пакетімен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу. Онда қажетті қосалқы қызмет түрін таңдап, «Әрі қарай» түймесін басу.

 4. Бос жолақтарға қажетті мәліметтерді белгілеу, өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

5. Жіберілген өтінімнің статусын «Жеке кабинеттегі» «Менің өтінімдерім» бөлімінен бақылауға болады.  Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат берілген құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы – «Менің хабарламаларым» бөлімінен білуге болады.

 Лицензияларды елорда, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер