astana-view

«Атамекен»: денсаулық сақтау министрлігі «көк» статусы бар келушілерден медициналық анықтамаларды тексеруді сұрайды

2021 жылғы 01 Қараша
4643 просмотров

 Вакцина салдырмауға медициналық анықтамасы бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға кіре алмайтындарын айтып шағымданды. Бұған  2021 жылғы 20 қазандағы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы себеп болды. Онда «жасыл» статусы жоқ азаматтарды мекемелерге жібермеу туралы талап қойылған.

 Еске салайық, вакцина салдырмауға медициналық босату туралы анықтамасы бар қазақстандықтарға «жасыл» статус беріледі. Алайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазіргі уақытта вакцина салдырудан босатылған азаматтардың «жасыл» статусын көрсету үшін анықтамаларды автоматтандыру сатысында екенін түсіндірді.

 «Ashyq жобасы қатысушыларына Ashyq мобильді қосымшасында «көк» статусы болған жағдайда және объект әкімшілігіне тұрақты медициналық босату анықтамасын көрсеткен азаматтарды  демалыс күндері нысандарға жіберуге уақытша рұқсат беру туралы жеткізуді сұраймыз», – делінген комитеттің «Атамекен» ҰКП-ға жолдаған ресми хатында.

Бұл шара уақытша сипатқа ие және денсаулығына байланысты вакцинадан босатылған азаматтарға «жасыл» статусты техникалық тұрғыда іске асыруға дейін қолданыста болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер