astana-view

Кәсіпкерлердің есебін реттеу қисынды болуы тиіс – «Атамекен»

2021 жылғы 03 Қараша
1732 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер үшін өтпелі кезең уақытына есептің қағаз нысанын сақтау керек деп санайды. Бұл ұстанымды кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді талқылау басталғалы бері айтып келеді.

 «Бүгін депутаттар, ҚР Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин кәсіпкерлік қоғамдастық үшін маңызды мәселе көтерді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заң жобасына түзетулерді талқылау кезеңінде мемлекеттік органдар сұрататын есептерді ішінара автоматтау мәселесін көтерген. Мәселен, кәсіпкер есепті тапсыруы үшін мемлекеттік орган тарапынан тиісті инфрақұрылым дайындалмаса – есеп қабылдау бойынша ақпараттық портал, байланыс, интернет болмаған жағдайда кәсіпкер не істеуі керек деген сұрақ тұрды.

Сондықтан заң жобасында есептерді автомат түрде өткізу қамтамасыз етілмеген ақпараттық құралдарды талап етуге тыйым салатын түзету енгізілген. Осылайша, мемлекеттік орган қажетті инфрақұрылымды құрғанға дейін есептерді тапсырудың қағаз нысанын алып тастау нормасы кейінге қалдырылады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.

 Осындай жағдайды ескере отырып, «Атамекен» осы түзетулерді мақұлдады. Олар бойынша электронды есептілікке толықтай көшу 2023 жылдан бастап жүзеге асуы тиіс.

Алайда, инфрақұрылым жүргізілмегенше, кәсіпкерлерде есептерді қағаз тасығышта беру құқығы болуы тиіс. Есептіліктің жекелеген түрлері бойынша ерекшеліктер бар.

«Есептерді толық автоматтандыру қажеттілігі туралы шешім Үкіметте қаралды және мемлекеттік органдарды тиісті инфрақұрылым құруға ынталандыру үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылданды. Парламенттегі түзетулер жобасын талқылау барысында депутаттар проблемалық аудандарды тек 2025 жылға қарай, яғни түзету күшіне енгеннен кейін 2 жыл өткен соң интернетпен толық қамту мүмкіндігіне назар аударды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мәжіліс депутатының ескертулеріне сәйкес, заңнамаға түзетулерді қайта қарау қажет, ал өтпелі кезеңді Үкімет интернетпен толық қамтуды қамтамасыз етпейінше ұзарту қажет деп есептейді», – деді Ербол Өстеміров.

Айта кетейік, Мәжілістің пленарлық отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин елімізде 6341 ауыл интернетке қосылса, 768-і интернетке қосылу жылдамдығы нашар, 1178-і интернетсіз екенін айтты. Бұл ретте 1178-ден 617 ауыл 2025 жылға дейін төменгі орбиталық спутниктік жүйелер есебінен байланыспен жабдықталады, қалған 600 ауылға ұялы байланыс және оптикалық кабельдер түрінде инфрақұрылым салынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер