astana-view

Шектеуге қайта ілінбеу үшін вирустың таралуына жол бермеу керек

2021 жылғы 04 Қараша
4654 просмотров

Қазақстанда өз нысанына келушілерді Ashyq қосымшасымен тексермей кіргізіп жатқан жоба қатысушылары әлі де анықталып жатыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін кәсіп тоқтамауы үшін ережелерді бұзбай жұмыс істеуді сұрайды.

 «Өкінішке қарай, көрші елдерде эпидахуалдың нашарлағанын көріп отырмыз, локдаундар қайтадан енгізіліп жатыр. Бізде індетті жұқтыру саны азайғандықтан түнгі клубтар да қызметін қайта бастады. Енді бизнеске қайта шектеу салынбасы үшін  аурудың таралуына жол бермеу керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

   «Атамекен» мамандары карантинде отыруы тиіс келушілер сауда орталықтары, кафелер мен мейрамханаларға тексерусіз кіре беретін болса, ауру жұктыру статистикасы өсіп кететінін, ал кәсіпкерлер кезекті рет шектеулермен жұмыс істеп, бизнесі мен еңбек ұжымдарын трансформациялауға мәжбүр болатынын айтты.

 «Кез келген шектеу – кәсіпкерлердің материалдық шығындары ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын беделін түсіріп алу, жұмысшыларды жоғалтудың қаупі. Қазір бізде «қызыл» және «сары» статусы бар қазақстандықтар мекемелерге баруға аз әрекет жасай бастағаны байқалды. ҰКП Ashyq жобасына қатысушы бизнеске өз нысандарында QR-кодтарды сканерлеу мәселесіне жауапкершілікпен қарауды сұрайды, бұл вирустың таралу жылдамдығын төмендетуге және шектеусіз жұмыс істеуге көмектеседі», – деді спикер.

 Айта кетейік, кәсіпкерлер 12 сәуірден бастап нысандарға келушілердің статусын арнайы қосымша көмегімен тіркейді. Алты ай ішінде «қызыл» статуспен 79,9 мың адам, «сары» статуспен 28,3 мың адам карантин талаптарын бұзуға тарысқан. Қазіргі кезде жобаға 136,6 мың бизнес субъекті қатысушы болған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер