astana-view

Шектеулер сауда ойын-сауық орталықтары жұмыскерлеріне ғана зиян келтіреді – «Атамекен»

2021 жылғы 08 Қараша
5137 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елордалық әкімдіктің вакцина салдырмаған қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салуға қатысты бастамасына қарсылық білдірді.

 2021 жылғы 8 қарашадан бастап «көк» статусы бар қазақстандықтар Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарына кіре алмайды. Пилоттық жобаны жүргізу туралы шешім коронавирус инфекциясының таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қабылданды. ҰКП мамандары сауда және ойын-сауық орталықтардағы кафе мен мейрамханалар келушілер, сатып алушылардың 25%-ын жоғалтуы мүмкін деп санайды.

 «Ashyq жобасының деректерін саралап, біз республика бойынша сауда ойын-сауық орталығына келушілердің  25%-ы «көк» статуспен екенін көріп отырмыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  «MEGA PLAZA» ЖШС келушілер арасында талдау жүргізіп, онда «жасыл» статусы бар келушілер саны «жасыл» жұмыс күндері енгізілмесе де өсіп жатқанын көрсетті. Бірінші кезекте сауда орталықтарына кіруді шектеу жалға алушылар қызметкерлеріне кері әсер етеді, олардің еңбекақсының бонустық бөлігі азаяды. Ал сатып алушылар ағыны төмендесе, бұл жайт жалға алушылардың «арзанқол» сауда нарығына кетуіне себеп болады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 «MEGA PLAZA» ЖШС-да жалға алушылардың 303 орынжайы және олардың 2028 қызметкері бар. Ashyq қосымшасы арқылы келушілерді сканерлеуге жүргізілген талдау 2021 жылдың 4 айында «жасыл» статусы бар қонақтар саны 4 есе немесе шілде айында 3,1 мың адамнан қазан айында 12,6 мыңға дейін артқанын көрсетті. Осы уақыт аралығында «көк» статуспен келушілер 2 есе аз болды. Шілде айында 9,3 мың адам, қазан айында 4,3 мың адам болған.

 «Көк» статусы салдарынан сауда және ойын-сауық орталықтарына кіре алмаған қазақстандықтар сауданы көше сауда, базарлар, шағын дүкендерде жасап немесе интернет арқылы тапсырыс береді, осы сауда көздері бейтарап статусты сақтауға мүмкіндік береді.

 «Сауда және ойын-сауық орталықтарына кіруді шектеу негізсіз деп санаймыз, өйткені сауда нысандарында қажетті аудан, тұрақты дезинфекциялау, жуу жүргізіледі, ауаны желдету жүйесі қарастырылған, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға мүмкіндік береді. Осы ретте халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай кезек жиналатыны белгілі. Жаз мезгілінде азаматтар нысан ішінде ғана емес, көшеде де күтуге мәжбүр болды. Бүгін көшеде тұру ауа райына байланысты мүмкін емес. Дегенмен, ұйымға статус бойынша шектеу қойылған жоқ», – деп атап өтті ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

 Сондай-ақ, Палата бастаманы енгізу үшін бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізу қажет екенін атап өтті. Бүгінгі қаулыға сәйкес, «қызыл» аймақтағы өңірлер ғана қатаң шектеу шараларын белгілей алады.

«Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта орналасқан. Тиісінше, «сары» аймақта шектеуі қатайту мүмкін емес. Санитар дәрігердің республикалық қаулысында «сары» аймақ үшін «жасыл» жұмыс күндері туралы жазылмаған, онда тек «жасыл» демалыс күндері бар», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер