astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері» бойынша заң жобасының жаңашылдығы талқыланады

2021 жылғы 11 Қараша
5750 просмотров

«Атамекен» ҰКП Ұлттық экономика министрлігі және Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен «Жаңа реттеушілік саясат мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шара Мемлекет басшысының реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгерту арқылы «таза парақтан» реттеуді енгізу туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде өтеді.

Дөңгелек үстел мақсаты – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі новеллаларын түсіндіру.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, жоғары оқу орындарының, зерттеу ұйымдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысады.

Өтетін күні мен уақыты: 2021 жылғы 16 қарашада сағат 12:00-де.

Zoom-ға қатысу үшін сілтеме:

Конференция идентификаторы: 873 2683 2551, код: 060774

https://us02web.zoom.us/j/87326832551?pwd=RmhMenJISzJSL2JaelZicmFYclpFUT09

Қатысушылардың кандидатураларын биылғы 15 қарашаға дейін d.selikanova@atameken.kz электрондық мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер