astana-view

«Атамекен»: тауар өндірушілерді қолдау шараларын тездету қажет

2021 жылғы 12 Қараша
1226 просмотров

«Атамекен» ҰКП реттеушілік әсерге талдау жүргізбестен жеңіл өнеркәсіп және машина жасау саласы тауарларына ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу процесін жеделдету қажеттігі туралы мәселені көтерді.

Түйткілді мәселе қыркүйектен бастап мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жиһаз, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау саласындағы отандық өндірушілерді қолдау шараларының қысқаруына байланысты.

Осылайша, Мемлекеттік сатып алу қағидаларында индустриялық сертификатты қолдана отырып, жиһаз, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау отандық тауар өндірушілерінен алдын ала біліктілік іріктеуімен байқау өткізу нормалары алынып тасталды.

27 шілдеде машина жасау саласының кейбір тауарлары бойынша ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу жөніндегі ҚР Үкіметінің № 538 қаулысының күші жойылды. Бұл жайт жиһаз, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау кәсіпорындарының отандық өнімдерін өткізуіне теріс әсер етеді.

  ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов  Ұлттық палатаның бастамасын қолдап, мемлекеттік органдарға осы айдың соңына дейін тиісті қаулылардың қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Атамекен» ҰКП экономика салаларында қарапайым заттарды ұлттық режимнен алып тастау тетігін қолдануға бастама жасау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер