astana-view

Жұмыс берушілер субсидияланатын жұмыс орындарына өтінім бере алады

2021 жылғы 17 Қараша
16720 просмотров

Жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жыл сайын субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырады.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қабылданады. Бағдарламаға бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, тұрақты түрде салық және басқа да әлеуметтік төлемдер жүргізетін, еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер қатыса алады.

 Субсидияланатын жұмыс орындары:

  • Қоғамдық жұмыстар;
  • Әлеуметтік жұмыс орындары;
  • Жастар практикасы;
  • «Алғашқы жұмыс орны» жобасы;
  • «Ұрпақ сабақтастығы» жобасын қамтиды.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы  алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған; 29 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатыса алады. Бірінші жыл ішінде еңбекақыны субсидиялау көлемі – 20 АЕК-ке дейін.

 «Ұрпақ сабақтастығы» жобасы да жастарға арналған, онда жас маман зейнет жасына жетіп, еңбек демалысына шыққан маманды алмастыруға дайындалады. Алты ай ішінде еңбекақыны субсидиялау көлемі – 20 АЕК-ке дейін.

 «Жастар практикасы» бағдарламасы ол үш жыл бұрын диплом алған, жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарының түлектері арасында жүзеге асырылады. Өту ұзақтығы – еңбекақыны 25 АЕК-ке дейін субсидиялай отырып,  алты ай.

 «Қоғамдық жұмыстар» – халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, 1 ЕТЖ-дан төмен емес еңбекақыы субсидиялай отырып, 12 айдан аспайтын кезеңге әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

 «Әлеуметтік жұмыс орны» жұмыс беруші тарапынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады, олардың арасында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар басымдыққа ие. Бұл ретте еңбекақыны мемлекет субсидиялайды (35%-ға дейін).

 Бағдарламаларға қатысу үшін жұмыс беруші Жұмыспен қамту орталықтарына өтінім, заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, сондай-ақ заңды тұлға жарғысының көшірмесін беруі тиіс.

 Толық ақпарат: https://enbek.kz/ru/zaniatost/czn-contacts.

Қосымша  ресурстар:

Электронды еңбек биржасы:  https://enbek.kz
Бірыңғай байланыс орталығы:  1414
 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер