astana-view

1500 мұғалім кәсіпкерлік және бизнес негіздері бойынша біліктілігін арттырды

2021 жылғы 23 Қараша
1820 просмотров

Шілде мен қараша аралығында 1500 мұғалім «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагог кадрларды қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті. Курс «Атамекен ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар таратылды.

 Оқу лекте өтті:  

  • 1-лекте 2021 жылғы 7-23 шілде аралығында – 596 адам оқыды;
  • 2-лекте 2021 жылғы 11-27 тамыз аралығында – 521 адам оқыды;
  • 3-лекте 2021 жылғы 27 қазан және 12 қараша аралығында – 383 адам оқыды.

Біліктілікті арттыру курстары қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып,  ұзақтығы 108 академиялық сағатты құрайтын zoom платформасында онлайн режимінде өткізілді.

Осы жылдың соңына дейін «Атамакен» ҰКП жобалық тобы педагогтарға ақпараттық-әдіснамалық сүйемелдеу көрсетеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер