astana-view

«Атамекен» ҰКП Қытайда тұрып қалған контейнерлер бойынша деректерді жинауға кірісті

2021 жылғы 30 Қараша
5796 просмотров

ҚХР аумағында тұрып қалған жүк контейнерлер жайында деректерді қазақстандық алушыларға беру туралы келісімге қол жеткізілді. Ақпаратты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жинақтап, ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай тарапына жібереді. Жүк туралы деректер жинақталған алғашқы хаттың жөнелтілімі желтоқсанның басына жоспарланған.

«Қарашаның соңындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасына және кері автомобиль мен темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау жағдайы көңіл көншітпейді. Бірақ, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэнмен келіссөздерінен кейін ҚР және ҚХР арасында жүктерді қабылдау мен тапсыруды қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

Қарашаның қорытындысы бойынша қытай темір жолы вагондарды тәуліктік қабылдауды 200-220 бірліктен 420-450 бірлікке дейін ұлғайтты. Енді жүрістен қалып қойған вагондардың қазанмен салыстырғанда 5,5 мың бірліктен 3,1 мың бірлікке дейін қысқарды. Сондай-ақ, автокөлік құралдарын қабылдаудың жалпы саны тәулігіне 10 бірліктен 100 бірлікке дейін өсті. Алайда, бұл статистика Қытай тарапының шараларды күшейтуіне байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Бұдан басқа, осы уақытқа дейін арғы тараптан 5 өткізу бекеті ішінен «Майқапшағай» және «Көлжат» 2 өткізу бекеті әлі жабық тұрғанын атап өтеміз.

«8 қарашада «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен өткен Қытай-Қазақстан темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 14-ші отырысында қазақстандық тараптың ҚХР аумағында тұрып қалған контейнерлері бар жүк тізімін формаға сәйкес қазақстандық алушыларға беру туралы келісімге қол жеткізілді. Қытай тарапы контейнерлердің дипломатиялық көздер арқылы ресми түрде ұсынылған тізімін ілгерілетуге жәрдем көрсетілетініне сендірді», – деді Талғат Темірханов.

Кәсіпкерлер тізімін Ұлттық палата әзірлейді. Жинақталған тізім Қытай тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі. Кәсіпкерлерден алынған мәліметтерді мына электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: d.muratkhanov@atameken.kz.

Айта кетейік, уәкілетті орган – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР мен ҚХР арасындағы автомобиль және темір жол көлігімен жүк тасымалдау бойынша жағдайды қайта растап, Ұлттық палатаның атына хат жолдады. 

ҚХР бойынша импорттаушыларға арналған форма


Еншілес ұйымдар

Серіктестер