astana-view

«Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбалар) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

2021 жылғы 03 Желтоқсан
5635 просмотров

2021 жылғы 2 желтоқсанда ӨР Қаржы министрлігі http://legolacts.egov.kz ашық нормативтік-актілердің интернет-порталда сараптама қорытындыларын алу үшін «электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбалар) пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы)  жарияланғаны туралы хабардар етті.

 Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылаушы түзетулерді қарастырады.

 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінде аталған жоба бойынша ескертпелері мен ұсыныстары болса, оларды Ұлттық кәсіпкерлер паатасына 2021 жылғы  10 желтоқсанға дейін мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: t.zhalmagambetov@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер