astana-view

Кәсіпкерлерге Ұлттық палатаның «Өз ісіне адалдығы үшін» мерекелік медальдары мен марапаттары табысталды

2021 жылғы 14 Желтоқсан
5375 просмотров

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында отандық бизнесмендерге «Атамекен» ұлттық палатасының «Өз ісіне адалдығы үшін» мерекелік наградалары мен медальдары табысталды.  

Жеті кәсіпкерге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік медальдар табыс етілді. «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов жоғары марапатты Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы «DD21» ЖШС директоры Жигули Дайрабаевқа, Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ыбыраевқа, «Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы» ЗТБ президенті Нұрлан Исинге, «КазЮрКонсалтинг» ЖШС серіктесі Ерлан Бұзырбаевқа, «Қазақстанның фарминдустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Гүлдария Манақбаеваға, Қазақстан тасымалдаушылары және вагондар (контейнерлер) операторлары қауымдастығының бас директоры Салтанат Адамбаеваға, сондай-ақ «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы» ЗТБ негізін қалаушы, Centrasia Group холдингінің төрағасы Алмас Құдайбергенге табыстады.

  Салтанатты рәсімде кәсіпкерлерге  I және III дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» медальдары берілді. ТМКҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұханов жоғары дәрежелі медальға ие болды. III дәрежелі медальдарды: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы, «РТС Holding» ЖШС басқарма төрағасы Тимур Қарабаев, «KAZLOGISTICS «Көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» ЗТБ бас директорының орынбасары Қанат Мұқышев, «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов алды.

«Менің қызметім бұрыннан көлікпен байланысты, сонымен қатар ҰКП-да логистика және тасымалдау комитетінің хатшылығында 4 жыл жұмыс істедім. Енді қауымдастықта еңбек етемін. Менің жұмысымды, қауымдастық пен біздің команданың салаға қосқан үлесінің бағаланғанына қуаныштымын», – деді «KAZLOGISTICS» Көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» ЗТБ бас директорының орынбасары Қанат Мұқышев.

Сонымен қатар ерен еңбегі мен өз саласына қосқан үлесі үшін «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың еуразиялық одағы» ЗТБ төрағасының орынбасары Қожахмет Ысқақов, «Қазақстан Республикасы Құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ өкілі – сараптамалық ұйымдар палатасының басқарма төрағасы Бірлік Ережепов, «Қазақстан су арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ президенті Валерий Сюндюков және «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры Инна Стратулат алғыс хаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер