astana-view

«Атамекен» ЕАЭО Іскерлік кеңесіндегі өкілдігін аяқтады

2021 жылғы 20 Желтоқсан
3049 просмотров

ЕАЭО Іскерлік кеңесіндегі өкілдік кезегі Қырғыз Республикасына өтеді. 

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов биыл кәсіпкерлер үшін қиын жыл болғанына қарамастан, Одақ елдерінің экономикасы қалпына келе бастағанын атап өтті.

«Пандемия тарихы артта қалды, Одақ үшін бұл кезең даму стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы жылы болды. Жалпы, Іскерлік кеңесіміздің күн тәртібі жыл бойы мазмұнды өтті, бизнестің стратегиялық, сондай-ақ өзекті мәселелері көтерілді. Комиссиямен қарым-қатынас нығайды, ЕЭК министрлерімен диалог құрылып, тараптарда неғұрлым ашық болу қажет деген түсінік сезілді», – деді Абылай Мырзахметов.

Іскерлік кеңесі жөніндегі алқа ҰКП өкілдеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді. Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохиннің айтуынша, «Атамекен» төрағалығымен кеңес жұмысының тиімділігі артты.

 «Біздің қазақстандық әріптестеріміз Одақ қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты бірнеше бағытты пысықтады. Енді сабақтастық тәртібімен осындай қарқынды біздің қырғыз әріптестеріміз қолдайды деп үміттенеміз. Біз Комиссиямен тұрақты өзара іс-қимылға шығып, кері байланыстың басты механизмдері – біз пайдаланатын реттеуші әсерді бағалау  толық көлемде жұмыс істейтін болады. Әзірге атқаратын жұмыс көп», – деп атап өтті спикер.

 «БелАПП» Беларусь Республикалық өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Анатолий Харлап жылдың қиын болғанына қарамастан, елдер арасындағы диалог оң бағытта жүргізілгенін, ал жұмыстың онлайн форматы шешім қабылдауға кедергі болмағанын атап өтті.

2022 жылы төрағалық ету құқығын Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы алады. Одақ төрағасы Данил Ибраев төрағалық етуші тараптың алдына қойған мақсаттарын: Одақтың үшінші мемлекеттермен халықаралық байланыстарын нығайту, комиссиямен диалогты күшейту, кооперациялар құру үшін инновациялар алмасуды жолға қоюды атап өтті.

 «2025 жылға қарай Одақ ортақ нарықтар құруға келуі тиіс, осы бағытта Іскерлік кеңес бизнеспен бірлесіп белсенді қатысты. Пилоттық жобаларды іске қосты, тәсілдерді сынақтан өткізгенін де атап өткен жөн», – деді Данил Ибраев.

 Анықтама:

Қазақстан Республикасы 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Одаққа жетекшілік ету елімізге осы жылғы жұмыс бағыттарын белгілеуге құқық берді. Басым мәселелер өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою, трансшекаралық көлік күре тамыры мен логистикалық хабтардың әлеуетін пайдалану, цифрландыру, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартты іске асыру және интеграциялық процестердің Одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына әсері болды.

ЕАЭО Іскерлік кеңесі 2015 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша интеграциялық процестерді кеңейту және ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бизнестің бірыңғай позициясын пысықтау мақсатында құрылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер