astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратураға мемлекеттік кірістер комитетінің заңсыз әрекеті туралы ресми хат жібереді

2021 жылғы 22 Желтоқсан
8927 просмотров

Қазіргі кезде кәсіпкерлер Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен ұрылған чектердің саны мен Ashyq арқылы өткен адамдардың саны бір-біріне сәйкес келмейтіні туралы хаттардың көшірмелерін жіберіп жатыр.  

 21 желтоқсанда Қостанай облысынан келіп түскен шағымнан кейін Ұлттық палата екі министрлік – ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп, шұғыл жиналыс өткізді. Онда мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хаттардың заңдылығын тексерді. 

 «Атамекен» заңгерлері бұл хаттардың заңдық күші жоқ әрі кәсіпкерлерге таратылмауы керегіне көз жеткізді. Қазіргі кезде орын алған ситуацияға байланысты кәсіпкерлер абдырап қалды. Бұл хаттар хабарлама немесе ескертпе емес. Бизнес өкілдері бұл хаттарды елемесе болады. Олардың міндетті нормативтік негізі жоқ, өйткені салық бақылауы салықтық тексеру немесе мемлекеттік бақылаудың басқа формасы түрінде жүзеге асырылады. Біз осыған қатысты ешқандай әрекет қабылдамауға кеңес береміз, сондай-ақ Қаржы министрлігіне жіберілген хаттарды кері қайтарып алу туралы өтініш білдірдік», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 Бұдан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратураға ресми хат дайындап жатыр, онда Мемлекеттік кірістер комитеті әрекетінің заңдылығын тексеруді сұрайды. 

 «Ashyq жобасы – мониторинг жүргізу және кәсіпкерлерге келушілердің қауіпсіздігін сақтау және шектеу кезеңінде қызметті жалғастыру үшін нысандарда «қызыл» және «сары» статусы бар келушілерді анықтауға көмектесу құралы. Оның басқа функциясы жоқ», – деп атап өтті ҰКП төрағасының орынбасары.
 
Спикер Ұлттық палата бұл мәселені бүгін, 22 желтоқсанда коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында көтеретінін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер