astana-view

«Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаевтың келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауы

2021 жылғы 27 Желтоқсан
2034 просмотров

Құрметті Отандастар!

Бала кезімізден жанымызға жылы, тағатсыздана күтетін, ізгілік пен отбасындағы тату-тәтті тірліктің тілекшісіндей, асыл армандарға жетелейтін, үмітімізді үкілейтін мереке – есігімізден аттағалы тұрған жаңа 2022 жылға арнаған ізгі тілектерді қабыл алыңыздар.

Жақындарыңыз, адал достарыңыз әрдайым жандарыңыздан табылып, олардың мейірім-шуағына бөлене беріңіздер.
Бақыт, махаббат пен қуаныш әр шаңырақта ұяласын. Алдағы жылымыз шаттыққа толы болып, әрбірімізді оңды істерге, өзгерістерге жетелесін.

Барлықтарыңызға мықты денсаулық пен жетістік тілеймін!

Ізгі тілекпен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы 
Тимур Құлыбаев


Еншілес ұйымдар

Серіктестер