astana-view

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді бизнесті адал жүргізуге шақырады

2021 жылғы 27 Желтоқсан
3042 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлерді қорғап, қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Бизнестің адал кәсіп жүргізуіне жәрдемдесу мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасының жеке бөлімінде көрініс тапты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров осы құжаттың презентациясы өткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.

 «Антикор ауыл шаруашылығы бойынша бизнеске қатысты 50 қылмыстық істі тергеп жатыр, кезекте тағы 3200 іс бар. Бұл жерде сыбайластық айқын, қылмыстар схемасында шенеуніктер ғана емес, өз мәселесін осындай жолмен шешкісі келетін кәсіпкерлердің де қатысы барын түсіну керек. Бизнес өкілдерін заң негізінде жұмыс істеп, мәселелерді заң тұрғысында шешуге шақырамыз», – деп атап өтті Ербол Өстеміров.

 Қоғам дамуының заманауи тенденциялары адалдық мәселелеріне баса назар аударады. Осы бағытта «Атамекен» ҰКП да жұмыс жүргізіп жатыр. Бизнесті қорғау, оның проблемаларын, оның ішінде жеке мәселелер, жүйелі мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда.

Бұл жұмыста Үкімет алаңы белсенді қолданылады. Бизнес үшін адал контрагенттерді табу өте маңызды. 1 шілдеден бастап «Атамекен» ҰКП «Бизнес-серіктестер тізілімі» сервисін іске қосты.

Мұндай ашық біріктірілген деректер базасы кәсіпкерлер туралы жан-жақты мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік береді. Жүйе кәсіпкерлерге өз контрагенттерін тексеруге, олардың адалдығы мен сенімділігін көруге мүмкіндік береді.

Бизнеске қойылатын талаптар түбегейлі қайта қаралады. Жаңа реттеушілік саясат шеңберінде реттеушілік талаптар үшін базалық шарттар енгізілетін болады. Шарттар түсінікті, дәлелді, іс жүзініде орындалатын, қолжетімді формада жазылуы тиіс. Реттеу қатаңдығы деңгейі тәуекел деңгейіне байланысты болуы тиіс.

 Осы шарттарға сәйкес келмейтін талаптар алынып тасталады. Ол үшін Міндетті талаптар тізілімі енгізіліп жатыр.  Жаңа реттеуші саясат жөніндегі заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының мақұлдауынан өтті.

Ұсынылып отырған шаралар реттеушілік саясаттың сапасын арттыруға, бизнеске негізсіз қысым көрсету тәуекелдерін төмендетуге, кәсіпкерлік тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған. Өз кезегінде кәсіпкерлер бизнесті адал жүргізудегі өз жауапкершілігін сезінуі тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер