astana-view

«Бастау бизнес» жобасына бизнес-тренерлерді шақырамыз

2021 жылғы 28 Желтоқсан
6948 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасына бизнес-тренерлердің резервін іріктеу, аттестаттау және пулын қалыптастыру басталғаны туралы хабарлайды.

Бизнес-тренерлерді іріктеудің негізгі мақсаты ҚР өңірлерінде бизнес-тренерлердің тиімді жұмыс істейтін құрамын уақтылы жинақтау.

Кандидаттарға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

●   жасы 26 жас немесе одан жоғары;

●   жоғары білімнің болуы;

●   соттылықтың және ашық сот іс жүргізулерінің болмауы;

●   ШОБ мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде кәсібі жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау шараларын білу;

●   қаржылық модельдеу негіздерін білу (бизнес-жоспар құру);

●   нарықтық экономика, кәсіпкерлік негіздерін және бизнес негіздерін, сондай-ақ ауылдағы нарықтың ерекшелігін және бизнестің негізгі түрлерін білу;

●   салық заңнамасын білу;

●   маркетинг және маркетингтік зерттеулер туралы білімі;

●   жоғары коммуникативтік құзыреттіліктер, оның ішінде менторлық/коучинг дағдылары, тыңдаушылармен «кері байланыс» құра білу;

●   өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен командада жұмыс істей білу және мемлекеттік органдармен және жоба серіктестерімен өзара іс-қимыл жасай білу;

●   бизнес-тренерлердіңц Этика кодексінде көрсетілген кәсіби әдеп нормаларына сәйкестігі және қарсыласу жағдайында стресске төзімділік көрсету.

Іріктеу тәртібі екі негізгі бөлімді қамтиды:

  1. алдын ала (қашықтықтан):
  • Бастапқы құжаттарды қабылдау және өңдеу.
  • Қашықтықтан тапсырма беру және онлайн тестілеу.
  • Практикалық тапсырмалардың орындалуын талдау.
  • Тренерлерді іріктеу үшін тренингке бизнес-тренерлер тобын қалыптастыру (бұдан әрі-ТТТ)
  1. Күндізгі/қашықтықтан-бизнес-тренерлер үшін біліктілікті тестілеу шеңберінде:

- Іріктеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның кандидаттарды ТТТ және іріктеуді жүргізуі.

- Жұмыс істеп тұрған және резервтегі бизнес-тренерлердің дерекқорын қалыптастыру.

Бізге керегі:

  • кәсіби көзқарас, жобаға толық ену;
  • ШОБ дамытудағы белсенді позиция және қызығушылық;
  • өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ жұмыс барысында өз құзыреттерін үнемі дамытуға дайын болу;
  • кезеңдер арасындағы қысқа үзілістерді ескере отырып, оқытуды өткізу орны бойынша (облыс орталығы аудан орталығы) ұзақ іс-сапарларға әзір болу.

Жобаның берері:

  • ұлттық деңгейдегі ірі қызықты жобадағы жұмыс тәжірибесі;
  • қызмет көрсету шарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2025 жылды қоса алғанға дейін) және кәсіби даму

Бизнес-тренерлерді іріктеудің ашық жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

  • 1-кезең – «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-тренері лауазымына кандидаттың өтінімін жіберу, (сілтеме бойынша https://forms.gle/Q9MD6ttb24xMSmb98);
  • 2-кезең - бизнес-жоспарлау, қаржылық модельдерді құру бойынша құзыреттерді анықтау үшін практикалық тапсырманы және онлайн тестілеуді орындау;
  • тренерлерге арналған 4-күндік тренингке қатысуға шақыру/ тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби құзыреттіліктерін растау (алдыңғы кезеңнен сәтті өткеннен кейін);
  • 4-кезең - кадр резервіне кіру;
  • 5-кезең - жобаға шақыру.

Жоба қызықтырған жағдайда түйіндемеңізді және біліктілігіңізді растайтын ақпаратты сілтеме https://forms.gle/Q9MD6ttb24xMSmb98 бойынша жолдауыңызды сұраймыз

Анықтама:

5 жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 184 902 қатысушы оқытылды, оның ішінде 122 247 немесе (66%) жұмыссыз, 56 957 немесе (31%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 5 698 немесе (3%) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.

Оқыту нәтижелері бойынша 59 684 жоба іске қосылды, оның ішінде 39 923 адам немесе (67%) грант алды, 19 761 адам немесе (33%) жобаларды микрокредиттер есебінен іске асырды.

70 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, 1,6 млрд.теңге сомасына салық төленді.

Жобаның мақсаты: кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша толық ақпаратпен танысу үшін Атамекеннің ресми парақшасына өтуге болады, сондай-ақ біз әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram) де тіркелгенбіз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер