astana-view

Бизнеске көмек үшін ашылған қор ШОБ-тың жұмысын жылдам жандандыруға көмектеседі – «Атамекен» ҰКП

2022 жылғы 09 Қаңтар
3135 просмотров

Бүлік кезінде зардап шеккен бизнесті қолдайтын «Күшіміз Бірлікте» «Сила в единстве»  қорын Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев басқарады.

Қаржылай қолдау көрсетемін деген азаматтар Ұлттық палатаның сall-орталығына және Алматы  қаласының өңірлік кеңесіне хабарласа алады. Телефондар тәулік бойы қызмет көрсетеді:

+7778 4101758; +7775 1261839

+7777 79470077 – Бауыржан Оразғалиев, Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Жақында Алматы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі кәсіпкерлерді қираған ШОБ нысандарын қалпына келтіру үшін қаржылай көмек көрсетіп, әріптестерін қолдауға шақырды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы бизнесінің бастамасын қолдады.

Қазір «Атамекен» кәсіпкерлерден зардап шеккен нысанды фото және видеоға түсіруді сұрайды. Сонда алдағы уақытта бизнесмен көмек алу үшін шығынын дәлелдей алады. Сондай-ақ, өздігінен алдын ала  шығын актін жасау керек.

«Күшіміз Бірлікте» «Сила в единстве» қорына түскен қаражат Алматы қаласы және басқа да аймақта зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы комиссияның шешімінен кейін бөлінетін болады.

Қор қаржының түсуі және бөлінуі ашық болатына кепілдік береді. Барлық қаржы операциясы цифрландырылады және жұртшылыққа жарияланып отырады.

Қорды тіркеу, есепшот ашу секілді заңнамалық мәселелер жақын күндері шешіледі. Қордың жұмысы және көмек көрсету механизмін Ұлттық палатаның баспасөз қызметі БАҚ-қа хабарлайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер