astana-view

Бизнес шығыны 103 млрд теңгеден асты

2022 жылғы 12 Қаңтар
2993 просмотров

Бизнеске келтірілген шығынға қатысты (Осы жылдың 12 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша)

Байланыс орталығына 4 833  қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.

Елдің 11 өңірінде  1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.

 Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;

 қоғамдық тамақтану – 44;

қаржы секторы – 61;

логистика – 23;

БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Аймақтар:

  1. Алматы қаласы
  2. Алматы облысы
  3. Шымкент қаласы
  4. Жамбыл облысы
  5. ШҚО
  6. Қызылорда облысы
  7. Атырау облысы
  8. Қарағанды облысы
  9. Павлодар облысы
  10. Маңғыстау облыссы (қосылған аймақ)
  11. Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер