astana-view

Ұлттық палата бастамасымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ төтенше жағдай кезеңіне бірқатар алым мен айыппұлдарды алып тастады

2022 жылғы 12 Қаңтар
3680 просмотров

Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдайға байланысты интернет, банк операциялары және өзге де қызметтер жұмысында іркіліс пайда болды. Соның салдарынан кәсіпкерлік субъектілерінде теміржол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыруда қиындықтар туындады.

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірхановтың айтуынша, бұл жағдайлар жылжымалы составтардың станциялық, магистралдық және кірме жолдарда тоқтап қалуына, нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан көлік компаниялары, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың атына тиісті алымдар мен айыппұлдар салуына әкеп соқты.

«Ұлттық  кәсіпкерлер палатасының өтініш жасауымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ елдегі төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге алымдар мен айыппұлдарды алып тастау мәселесі қаралды», – деп атап өтті Талғат Темірханов.

«Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңының 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2021 жылдың 12 қаңтарында төтенше жағдай кезеңінде ҚР барлық өңірінде келесі алымдар, айыппұлдар мен төлемдерді есептеуін тоқтату бойынша шешім қабылдады (жеделхат қоса беріледі):

1. Тарифтік бағанаманың (прейскуранттың) 11-тармағында белгіленген жүктерді сақтау үшін 10 есе ұлғайтылған алым 3-бөлім. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарлаған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін тарифтік бағанаманың (прейскуранттың) 10-тармағында белгіленген 3-бөлім бір реттік мөлшерде алынады.

 2. ММ және Магистралды желі дирекциясы (ЦЖС) арасында жасалған № 466-ЦЖС/03/49-ГП 20/26.03.2018 жылғы   магистральдық желі қызметтерін көрсетуге арналған шартқа 5-қосымшада белгіленген тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тармақ иеленушілер, вагондар (контейнерлер) иелерінің кінәсінен болған магистральдық, станциялық жолдарда меншікті (жалға алынған) вагондардың тұрып қалғаны (контейнерлердің кідіргені) үшін төлемақылар.

3.  «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңының 77-бабында белгіленген жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл.

Осы шешім 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай енгізілген уақытта туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ел үшін күрделі кезеңде бизнесті уақытылы қолдағаны үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа  алғыс білдіреді.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер