astana-view

«Күшіміз Бірлікте» қорының есепшоты ашылды

2022 жылғы 12 Қаңтар
5686 просмотров

 2022 жылғы 11 қаңтарда зардап шеккен бизнеске көмек көрсету үшін арнайы қор ашылды.

Қоғамдық ұйымның басты мақсаты – зардап шеккен бизнеске көмек беруде кәсіпкерлер мен барлық қамқор азаматтың күшін біріктіру.

 «Қор еліміздің 14 өңірінен белсенді кәсіпкерлердің бастамасымен құрылды. Біздің қатарымызда осындай қордың құрылуын қос қолдап, атсалысқан түрлі сала өкілдері, бизнес, қауымдастықтардың жетекшілері бар. Осы күндері еліміз қандай күй кешкенін, отандық бизнес қиын жағдайға тап болғанын түсінеміз. Өйткені жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің көбі шағын және микробизнес өкілдері болды. Олардың кәсібі күнделікті табыстың жалғыз көзі ғана болған», – деді  «Күшіміз бірлікте» ҚБ төрағасы, Алматы кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.

Қаражатты жинау және бөлу процесін барынша ашық жүргізу үшін біз қамқоршылық кеңесті құрдық. Кеңес мүшелері аудит жүргізіп, Қор жұмысы бойынша БАҚ көздеріне есеп береді. «Күшіміз бірлікте» ҚБ жұмысқа (өтеусіз негізде) атсалысуға дайын, жанашырлық танытқан қоғам қайраткерлерін қосуға дайын.

«Оперциялық шығыстар, соның ішінде орынжайды жалға алу, банк шығындары қорды құруға бастамашылық жасаған кәсіпкерлердің есебінен өтелетінін атап өткім келеді. Қоғамдық бірлестігімізге ерекше шарт жасаған екі екінші деңгейлі банкке алғыс білдіреміз, шот  есебін жүргізу тегін іске асырылады», – деп атап өтті Максим Барышев.

Қор төрағасының айтуынша,  мүдделі тұлғаларға ыңғайлы болу үшін арнайы  infokazakhstan.kz сайты құрылды, онда жақын күндері осы жылдың 4-7 қаңтарында тәртіпсіздік барысында зардап шеккен субъектілер үшін электрондық кезек іске қосылады.

 Өтініш беру үшін сайтта бірнеше әрекет жасау жеткілікті. «Көмек қажет» батырмасын таңдап, электронды өтінішті ашу керек. Онда компанияңыз туралы деректерді енгізіп, келтірілген залалды фото-материалдармен растаған соң, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қою керек. Әр қарай «Күшіміз бірлікте» ҚБ өтінішті бағалау компаниясына жібереді, онда залал мөлшері туралы қорытынды беріледі. Бұдан кейін кәсіпкермен келісімшарт жасалып, кезек тәртібінде көмек көрсетіледі.

 «Қазірдің өзінде бізге ірі, сонымен қатар шағын бизнестің өкілдері хабарласып жатыр. Олардың қатарында азық-түлікпен көмектескісі келетіндер бар, мысалы, құрылыс материалдарын тегін беріп, қызметін ұсынды. Осындай материалдық емес көмектің түрін бізге әкімшіліктендіру қиынға соғады, бірақ бұл демеушілердің көмегінен, біз әрине, бас тартпаймыз. Барлық жанашыр жанға алғыс айтамыз, өйткені осындай қиын кезеңде біздің Отанымызға деген сүйіспеншілігіміз, бауырмалдығымыз сөзбен емес, іспен  көрінеді.  Күшіміз бірлікте», – деп атап өтті Максим Барышев.

 Көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:

  «БанкЦентрКредит» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ268562203115072353

 «БанкЦентрКредит» АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.

 

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ:

 алушы: «Күшіміз бірлікте»  қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ52551Z128000206KZT

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA


Еншілес ұйымдар

Серіктестер