astana-view

InfoКazakhstan сайтында 2 мыңнан аса кәсіпкер залалды өтеу туралы өтінім жүктеді

2022 жылғы 31 Қаңтар
6098 просмотров

Кәсіпкерлерден залалды өтеу үшін түскен өтініш саны 2183-ке жетті. Оның ішінде 1197 өтінімге электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойылған. Бұл деректер – 2022 жылғы 31 қаңтардағы көрсеткіш.

Кәсіпкерлер тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды өтеу туралы өтініштерін InfoKazakhstan.kz сайтына жүктеп жатыр.

Қазір қол қойылған 1197 өтінімнің 98%-ы (1167 өтінім) Алматы қаласынан берілді. Қалған 2%-ы (30 өтінім) – Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан түсті. 336 өтінім қаралып жатыр, 17 өтінім мақұлданды және төлемін алды, ал 7 өтінім қабылданбады.

Өтеу түрі бойынша: 1197 өтінімнің 96 пайызы (1155 өтінім) оңайлатылған механизмді, 4 пайызы (42 өтінім) сот сараптамасының қорытындысы негізінде таңдады.

Залал түрі бойынша:

1197 өтінімде залалдың 1204 түрі таңдалған. Оның ішінде 6% (1036 өтінім) тауар-материалдық құндылықтар, 9% (109 өтінім) жылжымайтын мүлік, 5% (59 өтінім) жылжымалы мүлікке қатысты тапсырылды.

Еске салайық, залалды өтеу туралы өтінішті Өңірлік комиссиялар 5 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Мақұлдаған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.

Қаражат өтініш берушіге тиісті шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген есеп айырысу немесе карточкалық шотқа аударылады.

«INFOKAZAKHSTAN.KZ ПЛАТФОРМАСЫНДА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУ КЕРЕК» НҰСҚАУЛЫҒЫ

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер