astana-view

Төралқа мүшелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының міндетін атқарушыны ұсынды

2022 жылғы 17 Ақпан
9655 просмотров

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушы лауазымына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа мүшесі таңдалды.

 Төралқаның міндетін атқарушы болып Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов тағайындалады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:

- Ұлттық палатаның басқару органдары  туралы;

- Ұлттық палатаның қызметін реформалау туралы;

- Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы;

- Басқа мәселелер.

 Шара Нұр-Сұлтан қаласы Сауран көшесі, 44 мекенжайындағы «Конгресс- орталығында» өтеді. Кезектен тыс съезге қатысушыларды тіркеу 18 ақпанда сағат 9:00-де басталады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер