astana-view

«Атамекен» ҰКП Төралқасының жаңа төрағасы сайланды

2022 жылғы 18 Ақпан
11658 просмотров

Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы болып сайланды.

«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның Төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.

«Палатаны реформалау үшін күш-жігерімді салатыныма уәде етемін. Бәріміз жаңа Палатада жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», – деді Райымбек Баталов.

Сондай-ақ, Съезде Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметтен кетінін айтты. Ол ауылға барып, елдегі кәсіпкерлерге қолдай көрсететінін жеткізді.

«Құрметті азаматтар. Араларыңызда қаламын. Мен жақында бір сұхбатымда айттым, өзім ауылда өскенмін, қаным қазақ, жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмыспен елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын. Қолымнан келгенше бар жинаған тәжірибемді, білімімді, жігерімді соған жұмсаймын. Сіздерге көп рақмет, аман-саулықта кездесейік», – деді Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар, Съезд делегаттары Төралқаның жаңа мүшелерін сайлады. Съезге қатысып отырған делегаттардың 216-сы қолдады, сондай-ақ 48-і қарсы болды және 44-і дауыс беруден бас  тартты.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП Төралқасында 51 мүше бар.

2022 жылғы 18 ақпандағы кезектен тыс ІХ Съезде сайланған «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының жаңа мүшелері 

Аты-жөні

Ұйым

Сала

  1.  

Әбдірахманов Теміржан Қайратұлы

Өнеркәсіп кәсіпорындары жеткізушілерінің қазақстандық қауымдастығы

ШОБ (мемлекеттік сатып алу)

  1.  

Әлиев Болатбек  Нажметдинұлы

DALA-FRUIT.KZ компаниялар тобы

Ауыл шаруашылығы

  1.  

Бакқожаев Анас Ахатұлы

Қазақстан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ұлттық одағы

Ауыл шаруашылығы

 (ШОБ)

  1.  

Баталов Райымбек Әнуарұлы

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы

ШОБ

  1.  

Жандосов Ораз Әлиұлы

Қазақстан экономистерінің қауымдастығы

 

  1.  

Жаркенов Тимур Зейілұлы

 «ISKERMEN» өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы

ШОБ

  1.  

Жүсіпов Шалқар Аманғосұлы

Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы

Қаржы (ШОБ)

  1.  

Қаниев  Берік Сералиұлы

«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ

«Республикалық физика-математика мектебі» КЕҰ

Ірі бизнес

  1.  

Құлтекенов Қайыржан  Климентьевич

 «ҚазКомСервис» ЖШС

Ірі бизнес (мұнай сервис)

  1.  

Қыдырбаев Думан  Нұрланұлы

 Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы

ШОБ

  1.  

Неталиев Сұлтан  Дүйсенғалиұлы

 «Олжа» АҚ

Ірі бизнес

(Логистика)

  1.  

Омашев Қайырлы Бейсенұлы

Қылшық жүнді және жартылай ұяң жүнді тұқымды қойлардың республикалық палатасы

Ауыл шаруашылығы

 (ШОБ)

  1.  

Проценко Игорь Александрович

Өңдеу өнеркәсібінің одағы

Өнеркәсіп

(ШОБ)

  1.  

Шайкенова Рашида Рашидқызы

Қазақстан туристік қауымдастығы

Қызмет көрсету

(ШОБ)

  1.  

Шестаков Геннадий Алексеевич 

Қазақстан кеден брокерлерінің қауымдастығы

Қызмет көрсету

(ШОБ)

  1.  

Шмонина Валентина Владимировна

Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығы

Өңір

(ШОБ)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер