astana-view

Қазақстандық 6 жүк көлігі Польшаға қарай жол тартты – ҰКП

2022 жылғы 03 Наурыз
12781 просмотров

 Көлік жүргізушілері Днепрден Польша Республикасына қарай шыққанын хабарлады.

Сонымен қатар, бүгін 2 жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті.

Ұлттық палатаның мәліметтері бойынша, 21 жүк көлігі Украина аумағынан шыққан: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты, соның ішінде 4 жүргізуші Түркия азматтары. Тағы 3 жүргізуші Польшаға жетті.  

 «Атамекен» ҰКП мәліметіне сәйкес 2022 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша 35 ірі жүк көлігінің жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген 4 украиналық жүргізуші әзірге Украина аумағында қалып отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер