astana-view

Қазақстандық 40-тан аса көлік жүргізуші Украинадан шықты – ҰКП

2022 жылғы 07 Наурыз
8474 просмотров

 «Атамекен» ҰКП өз дерегін Ұлттық палатаға жіберген 57 көлік жүргізуші ішінен 41 жүргізушіге Украинадан шығуға көмек берілгенін хабарлайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Украина, Польша Республикасы, Беларусь, Ресейдегі елшіліктері, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің бірлескен күшімен жүргізушілер үйіне қайтып келеді.

 «Ұлттық палата барлық атсалысқан адамға алғыс білдіреді. Бәріміз бірге 41 жүргізушіге Украинадан шығуға көмектестік. Сонымен қатар жүргізушілеріміз жолаушы ретінде Польша шекарасына Қазақстанның 3 азаматын әкеле жатыр. Қазір шұғыл түрде тағы 16 жүргізушіге үйге қайту үшін қауіпсіз жолмен көрші елдерге шығуға көмектесуді шешіп жатырмыз», – деді «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.

 Қазіргі кезде Украинада қалып қойған 16 жүргізуші ішінен: 4 жүргізуші Черниговте әскери іс-қимыл салдарынан шыға алмай жатыр, 1 жүргізуші Троебортное (Ресей) өткізу бекетінен 70 шақырым жерде қозғалыссыз тұр, 2 жүргізуші Слабожанск қаласында, 4 жүргізуші Польшаға қарай бағыт алған және тағы 4 жүргізуші Харьков ауданында тұр. Тағы 1 жүргізуші Ресей шекарасынан 100 шақырым жерде қалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер