astana-view

Қазақстанның барлық өңірінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылып жатыр

2022 жылғы 15 Наурыз
27444 просмотров

Қазақстанның 14 өңірінде Ұлттық экономика министрлігінің «Ынтымақтастық қоры», ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП серіктестігі аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың алғашқы үш орталығы 2021 жылғы қаңтар-қазанда Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылды. Бастама Азия Даму банкінің есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.

«Орталықтар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде жеңілдетілген кредиттер мен гранттар беруге, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға ықпал етуге бағытталған», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры Бауыржан Оразғалиев.

2021 жылдың қарашасында ашылған орталықтарға бүгінгі таңда 500-ден аса әйел өтініш білдіріп, осы өңірлердегі  негізгі тақырыптарын анықтау үшін  қажеттіліктеріне байланысты талдау жұмыстары жүргізілді. Жақында арада әйелдердің анықталған тақырыптарының қажеттіліктері бойынша алғашқы тренингтер өткізілетін болады.

Орталықтар кәсіпкер әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңына айналуға тиіс. Онда оларға стартаптарды іске қосу, жұмыс істеп тұрған бизнесті одан әрі кеңейту және дамыту үшін бірқатар қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен нетворкинг іс-шараларға қатыса алады.

***

          Қызығушылық танытқан барлық әйел Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған және жұмыс істеп жатқан Орталықтарға кеңес алуға шақырамыз.

Мекенжайлары:

          Петропавл қ., К. Сүтішев көш., 60, «Квартал» БО 60, 4-қабат, 8(7152) 50-28-74, (кеңесші: Жантілесова Сәуле Мұқтарқызы, 8 707 920 61 95 (whatsapp).

          Талдықорған қ, 8 мөлтек ауданы., 2 «А» құрылым, көрме кешенінің ғимараты, 2-қабат, 8(7282) 401-499, (кеңесші: Серікбаева Ардақ Сұраншықызы, 87759721717).

          Атырау қ, Сәтпаев даңғылы, 78, 2-қабат,  8 (7122) 777-606, 8 (7122) 763-655, (кеңесші: Жармұханбетова Гүлнафис Ерсайынқызы, 87075250871(Whatsapp)

          Түркістан қ, Қожанов көш. 42,  8 (72533) 5 98 98, (кеңесші: Есетова Гүлназ Дәулетқызы, 8 747 306 5960).

          Павлодар қ, Луговая көш. 16, 3-қабат, 317-каб., 8(7182) 660311 ішкі: 5509 (кеңесші:  Құсайынова Айнұр Мұратқызы 87025273135 (WhatsApp).

           Қарағанды қ, Ермеков көш., 29, 1-қабат  8(7212) 50 64 12, (кеңесші: Серікбай Арайлым Талғатқызы, 8 702  348 34 83  (Whatsapp).

          Орал қ, Исатай-Махамбет көш, 84, 1-қабат 87112 243095, (кеңесші: Ілиясова Айсұлу Гайфуллақызы, 87055910055 (Whatsapp).

          Көкшетау қ, Абай көш., 96, «Green wich» БО, 8-қабат, 802 каб.,  (кеңесші: Құсайынов Алима Жаңабайқызы 87718367570, 8(7142)72-25-41).

          Қызылорда қ., Қорқыт ата көш.,123, 1-қабат (Арсенал жаңындағы ғимарат), 87242400202, (кеңесші: Нұрханова Жадыра Мейрамбеккызы, 87051161910 (Whatsapp).

          Өскемен қ., Әуезов даңғылы, 26/1, 1-қабат, 1-каб., тел: 8(7232)742-810, (кеңесші: Елемесова Жанар Бақытқызы, +77774115401 (WhatsApp).

          Тараз қ., Төле би көш., 93а, «Арай плаза» БО, 2-қабат, 8(7262)555 900 (кеңесші: Метерова Гүлмира Қайратқызы, 8 747 208 56 48).

          Қостанай қ, Әл-Фараби даңғылы, 114. 8(7142)394208 ішкі:3942, (кеңесші:  Буламбаева Алтынай Балғожақызы 87076469090)

          Ақтау қ., 35 ы/а, 2 ғимарат, 1-қабат, 103 каб., тел: 8 (7292) 30 40 40 , (кеңесші: Оғлан Наргиз Маратқызы, 87089873913).

           Ақтөбе қ., Сәнкібай батыр даңғылы, 22К, 1-қабат тел: 8(7132) 744-615, (кеңесші: Жаманқұлова Ләззат Ерболатқызы, 8 775 550 90 03 (Whatsapp).

          Алматы қ, Жібек жолы даңғылы, 135, 2-блок, 8-қабат, тел: 8 727 3310133, (кеңесші: Әлменова Әлия Амангелдіқызы с.н 8 7001757070).

          Нұр-Сұлтан қ., Б. Момышұлы даңғылы, 2/11 «Avenue» БО 1-қабат, 8(7172) 919 087, (кеңесші: Сейітжан Гүлбарам Серікжанқызы, 8 707 747 41 37 (Whatsapp).

          Шымкент қ., Ерімбетов көш, 304Г, «Заңғар» БО, 1-қабат, 8(7252)394994, (кеңесші: Балсүгірова Майра, 8 708 931 3474).

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер