astana-view

Ұлттық палатаға 20-дан аса кәсіпкер Ресейден дәнді дақылдарды әкелуге қатысты проблемаларға тап болғанын хабарлады

2022 жылғы 18 Наурыз
7180 просмотров

Ресей Федерациясынан дәнді дақылдарды әкелуге тыйым салуға байланысты «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер тап болған проблемаларды жинауды бастады.

 Ресейде дәнді дақылдардың экспортына, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Шектеу бидай, қарабидай, арпа және жүгеріге қойылды. Қантты ЕАЭО елдеріне тасымалдау Ресей ауыл шаруашылығы министрлігі берген рұқсаттардың негізінде ғана мүмкін болады (Ресей Федерациясы үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 361 және 362 қаулылары).

 Дәнді дақылдарды экспорттауға шектеу 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Отандық кәсіпкерлерге Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өтуге көмектесу үшін ҰКП Қазақстанға жөнелтуді талап ететін көлік құралдары мен вагондар туралы деректер жинауды бастады. Тауар тиелген автокөлік құралдары мен вагондар туралы ақпарат Ресей тарапымен нақты келіссөздер жүргізу үшін ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне жедел жіберіледі.

 «Бізге дәнді дақылдарды тасымалдайтын 20-дан аса компания жүгінді. Көптеген компания дәнді дақылдарды жеткізу туралы келісімшарттарды тыйым салынғанға дейін жасаған. Қазіргі кезде дәнді дақыл тиеген машиналар мен вагондар Қазақстанға шыға алмайды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Райымбек Жүнісов.

 Өтінімдерді r.zhunusov@atameken.kz және s.rakhmetbayeva@atameken.kz электрон пошталарына жіберуге болады. Анықтама ақпарат:

+77014781177 Райымбек Жүнісов, +77078534093 Мұхтарбек Әбдіразақов +77752701744 Нұржан Жапарқұлов.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФОРМА  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер