«Атамекен» Электронды декларациялау орталығының қызметін зерттеп жатыр
Құрметті кәсіпкерлер – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл сауалнаманы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты электрондық декларациялау орталығының қызметіне қанағаттанушылықты зерделеу мақсатында жүргізіп жатыр. Сауалнама қатысушылардың аты-жөні көрсетілмей, жасырын жүргізіледі.
Халықаралық сауданы табысты жүргізу шарттары – кедендік ресімдеудің жылдамдығы, кеден органдарының лауазымды тұлғалары әрекетінің ашықтығы, ашық баға көздері, бизнеспен кері байланыс, тәуекелдердің нақты индикаторлары мен профильдері және т.б. мәселелер.
Осыған байланысты жағдайдың жалпы объективті жағдайын анықтау үшін назарыңызға ұсынылған сұрақтар саланың барлық дерлік сипаттамасын қамтиды.
Сіздің жауаптарыңыз бен пікіріңіз қордаланып қалған проблемаларды шешуге бағытталған тиімді ұсыныстарды пысықтауға және мемлекеттік органдарға бизнестің сыртқы экономикалық қызметі үшін қазіргі кезде қызмет көрсетуге қандай талап қойылатынына жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сауалнамаға сілтеме: https://forms.gle/fR94bNLNA9yBp6HY8
Пікір қалдыру:
Пікірлер: