astana-view

Бизнес-омбудсмен Павлодарлық кәсіпкерлердің проблемаларын тыңдады

2022 жылғы 25 Мамыр
- Павлодар облысы
11998 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да болып, өндіріспен танысып, проблемалық мәселелерді талқылады. Компания президенті Серік Дөнбекбаевтың айтуынша, зауыт Әзірбайжан теңіз порты арқылы Батумиге дейін өнімді тасымалдау кезінде кедергілерге тап болған. Ақтау теңіз портында өндірілген алюминийді тиеп жөнелтуге қатысты еш қиындық жоқ. Р. Жүрсінов кәсіпорынды Қазақстанның Әзербайжандағы дипломатиялық миссиясымен «байланыстыратынын» айтты және кедергілерді жоюға көмектесуге уәде берді.

Кейін бизнес-омбудсмен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовпен кездесті.

Күннің екінші жартысында Р. Жүрсінов мемлекеттік органдардың, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің және оның өңірлік кеңесінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындылары тыңдалды. «Іскерлік ахуал» рейтингіндегі өңірдің көрсеткіштері, облыстағы сыбайлас жемқорлық деңгейі мәселелері талқыланды (осы көрсеткіш бойынша өңір төртінші орында). Рустам Жүрсінов облыстың іскер топтар өкілдерінің мәселелерін тыңдап, оларды бизнес үшін маңызды заңдарды талқылауға белсенді қатысуға шақырды және кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, «Ертіс-Агро» ӘКК өкілі Тимур Аспанов ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу кезінде шаруаларға шығындардың бір бөлігі, атап айтқанда тауардың барынша рұқсат етілген құнының 25%-ы өтелетінін айтты. Мысалы, астық ұнтақтағышының шекті рұқсат етілген құны 300 мың теңгені құрайды және субсидия мөлшері 75 мың теңге. Дегенмен әлемдегі тұрақсыз экономикалық жағдайға байланысты ауылшаруашылық техникасы қымбаттауда. Шын мәнінде, фермерлер құны шекті мәннен бірнеше есе асатын жетілдірілген импорттық жабдықты сатып алады. Мұндай жағдайда бизнес субъектілері не арзан техниканы сатып алуға мәжбүр болады немесе оларға шығынның өте аз мөлшері ғана қайтарылады. Ал бұл іс жүзінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау болып табылмайды. Бұл өз кезегінде халық үшін түпкілікті өнім бағасының өсуіне алып келеді. Техниканың шекті құны 2018 жылдан бері өзгерген жоқ. Бағалар бойынша айтарлықтай айырмашылық техниканың басқа түрлері бойынша да орын алуы мүмкін. Осыған байланысты бизнес-қоғамдастық наразылық танытып отыр.

- Қазір субсидиялауды жетілдіру бойынша бағдарлама талқылануда. Министрлік оның жобасын таныстыруға уәде берді. Өз басым ол жобаны әлі көрген жоқпын. Бұл мәселені шешу үшін біз сізді аграрлық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі мамандармен кездестіреміз, сізге сол жерде көмектесе алады, - деді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Т.Аспановқа.

Ал «Красиловское» ЖШС заңгері Инна Лапина 2021 жылдың сәуір айында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ мен ЖШС арасында форвардтық сатып алу шарты жасалғанын, ол бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ кепілгер болып табылатынын хабарлады. Осы келісім-шарт бойынша 2021 жылы жиналған күнбағысты «Франко-завод» EXW шартымен «Жолкудукский элеватор» ЖШС-не және «АТО Щербактинский элеватор» ЖШС-не 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін жеткізу қарастырылған. 2021 жылдың қараша айының басында ЖШС астық қабылдау кәсіпорындарында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ-мен қолданыстағы шарттардың болмауына байланысты жеткізуді жүзеге асыра алмады. ЖШС бұл туралы бірден корпорацияға хабарлап, жеткізу мерзімін 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұзарту туралы қосымша келісім жасасты. «Красиловское» ЖШС «АТО Щербактинский элеватор» ЖШС-мен және «Жолкудукский элеватор» ЖШС-мен хат алмасуды бастады. Хат алмасу нәтижелері туралы ЖШС «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ-на хабарлады. Ол жағдайды шешудің бірнеше нұсқасын ұсынды. Шарт бойынша тауарды қабылдау міндеті «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ-на жүктелген, алайда оның тарапынан ешқандай әрекет байқалмағандықтан ЖШС «Агрокомплекс» ЖШС-не 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін 500 тонна күнбағысты қабылдау мүмкіндігі бар ма сұрақпен жүгінді. ЖШС-нің өтінішін қарап шыққан «Агрокомплекс» өнімді 2021 жылдың 15 желтоқсанынан кейін ғана қабылдай аламыз деп жауап берді. 2021 жылғы 17 желтоқсанда ЖШС «Агрокомплекс» ЖШС аумағына күнбағысты жіберді, алайда ол тауарды сақтайтын орын болмағандықтан, қабылданған жоқ. Бұл жағдай туралы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ-на хабарланды. Әрі қарай «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ «Жолкудукский элеватор» ЖШС-мен өнімді қабылдау және жеткізу мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізді. Бірақ келіссөздер оң нәтиже бермеді, ұзарту туралы қосымша келісім жіберілген жоқ.

2022 жылдың ақпан айының басында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды тоқтатты және «Павлодар» ӘКК-не кепілдік төлеуді талап етіп жүгінді. ЖШС үш айдан астам уақыт бойы күнбағысты жеткізіп бере алмай отыр және бұл жерде ЖШС-нің еш кінәсі жоқ. Фирма ЖШС үшін күнбағысты жеткізу мүмкін болмағандықтан «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ-ның кепілдік төлеу бойынша талабын заңсыз деп санайды, өйткені «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ элеваторлардың күнбағыс өнімін қабылдау мәселесін шеше алмады. Өйткені өнімді қабылдау мүмкін емес екені алдын-ала белгілі болған еді.

Бұл мәселе облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұраныс жолданды. Сұранысқа жауап берілмеді. Сондықтан мәселе жергілікті проблемалар тізіліміне енгізілген.

- Бұл мәселе сотта қаралуы әбден мүмкін! Отырыстан кейін бірден біздің Бизнесті құқықтық қорғау департаментінің директорымен байланысыңыз. Сізге құқықтық көмек көрсетіледі! - деді Р. Жүрсінов.

Бизнесмендер айтқан осы және басқа да мәселелер бойынша бизнес-омбудсмен оларды шешу үшін нақты шаралар қолданамыз деп уәде берді.

Кәсіпкерлер мен омбудсмен арасындағы ашық әңгіме үшін кездесуді жүргізген Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук бизнес-омбудсменге алғыс айтты.

Бүгін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл «Қазэнергокабель» АҚ-да кабель-өткізгіш өнімдерінің өндірісімен танысты. Р. Жүрсіновтың өңірге екі күндік жұмыс сапары барысындағы барлық кездесулерге Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер