astana-view

Дивидендтерге салық салу – салық мөлшерін еселейді – Ұлттық палата

2022 жылғы 25 Мамыр
9160 просмотров

«Атамекен» ҰКП дивидендтерді салық салудан босату түріндегі жеңілдікті алып тастауға қатысты ұсынысқа қарсы. Бұл норма салық мөлшерін еселей түседі, деп санайды Палата мамандары.

Шұғыл заң жобасы шеңберінде Салық кодексіне түзетулер енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, ірі, орта және шағын бизнес субъектілері саналатын құрылтайшылар, қатысушылар, акционерлердің  кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде алынған дивидендтері түріндегі табысын салық салудан босату нормасы алынып тасталмақ. Оның орнына 10% мөлшеріндегі төмендетілген салық ставкасын қолдану ұсынылып отыр.

   «Дивидендтерді салық салудан босату түріндегі жеңілдікті алып тастау салық салуды еселейді. Нәтижесінде инвестициялардың тиімділігін азайтады, сәйкесінше  Қазақстан экономикасына инвестиция салу әлеуетін төмендетеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

 Мысалы, қазір кәсіпкер өз басқаруындағы компанияға үш жылдан астам уақыт жетекшілік етсе, жекелеген шарттар орындалатын болса, онда дивидендтерге салық салынбайды. Компания табысына 20% көлемінде  корпоративті табыс салығы салынады да құрылтайшы-кәсіпкер өз табысын дивидендтер арқылы алады.

 «Егер кәсіпкерлердің дивидендтеріне 10% салық салынатын болса, онда іс жүзінде мұндай табысқа жалпы сомада 30% салық салынады», – деп атап өтті Палата басшысы.

 Осыған байланысты ҰКП бұл нормаға қарсы.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер