astana-view

ҰКП бизнес өкілдері мен қауымдастық мүшелерін қоғамдық қабылдау отырысына шақырады

2022 жылғы 02 Маусым
6846 просмотров

Шара Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Арман Шаққалиевтің қатысуымен өтеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ЕЭК делегациясының қатысуымен ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық нарықта бизнестің туындайтын бірқатар проблемалық мәселесі және адал бәсекелестік қағидаларын сақтауға бағытталған реттеушілік бастамаларды бизнеспен талқылау үшін қоғамдық қабылдау отырысы өтеді.

 Өтетін жиын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарының мынадай мәселелер бойынша хабардар болуын арттыруға бағытталған:

-Сатып алуға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларына жағдайлар, өндірістік және технологиялық операциялар қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмысын жария ету;

- СТ-1 нысанындағы тауардың шығу тегі сертификаты негізінде ЕАЭО -ке мүше мемлекеттердің сатып алуына рұқсат беру үшін тауарлар тізбесін қалыптастыру;

- ЕАЭО-ке мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарлары туралы мәліметтерді мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізіліміне енгізу тәртібі;

- Преференциялар, шектеулер немесе тыйым салулар енгізілген ЕАЭО -ке мүше мемлекеттердің сатып алу нарықтарына қол жеткізу.

Отырысқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогының өкілдері қатысады.

Талқылау 2022 жылы 9 маусымда сағат 14:30-да Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр 19, Б блогы, «Түркістан» залында өтеді.

Шараға қатысу үшін мәліметтеріңізді 8-775-0515-175 байланыс нөміріне немесе d.ospanova@atameken.kz поштасына жолдай аласыз.

Сондай-ақ ҰКП кәсіпкерлерді бейнеконференцбайланыс арқылы қосуды қамтамасыз ететінін хабарлаймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер