astana-view

«Атамекен» ШОБ-та жұмыс істейтін 258 мың адамға референдум жөнінде талқылау өткізді

2022 жылғы 03 Маусым
9802 просмотров

Референдумға шығарылған түзетулер елде қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.  Елдегі өзгерістер жайында шағын және микро бизнес жұмыскерлерін ақпараттандыру үшін «Атамекен» ҰКП түсіндіру жұмысына белсенді кірісті.

ҰКП мен өңірлік палаталар тыныштық күніне дейін өнеркәсіп кәсіпорындары, (фабрикалар, зауыттар), желілік дүкендер, үй жанындағы дүкендер, сауда орталықтары мен сауда үйлеріндегі бутиктер, базарлар, HoReca, көлік жуу орындары, сұлулық салондары, медициналық орталықтар, ателье және тағы басқа нысандармен кездесулер ұйымдастырып, орта, шағын және микробизнес сегментіндегі объектілерде жұмыс істейтін 258 мығ адамды қамтыды. 

«Атамекен» ҰКП Өңірлерді дамыту департаментінің директоры Серік Әбілтаевтың айтуынша, мұндай тәсіл тиімді болып шықты.

«Менің ойымша, халықтың осы сегментімен өзара іс-қимылды жолға қою бүгінде аса маңызды. Біз HoReCa индустриясы, үй жанындағы дүкендер, сауда, ойын-сауық орталықтары және басқа да бизнес объектілерінде жұмыс істейтін азаматтармен тікелей сөйлесеміз. Палата мамандары базарлар, шағын желілік мейрамханаларға келіп, сол жерде қызметкерлермен конституциялық реформаларды талқылайды», – деді спикер.

Серік Әбілтаевтың айтуынша, халықпен өзара іс-қимылды жолға қоюда Палатада басқа да құралдар қолданған.

«Өңірлерде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына келушілер арасында түзетулерге қатысты консультациялар өткізілді. Мұндай орталықтар елдің барлық дерлік ауданында бар. Сонымен қатар, біз білім беру платформасы базасында онлайн-талқылау өткіздік», – деп атап өтті Серік Әбілтаев.

 Түсіндіру жұмыстары кезінде бүкіл ел ауқымында 19 мыңға жуық субъектіде еңбек ететін 258 мың адамды қамтылды

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер