astana-view

Қазақстанға кіру үшін вакцинация паспорты және ПТР-тест талап етілмейді

2022 жылғы 07 Маусым
11160 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты. Комиссия мүшелері бизнес-қоғамдастықтың ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын алып тастауға қатысты  ұсынысын қолдады.

Ведомствоаралық комиссия:

- 2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның немесе ревакцинацияның құжаттық растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талапты алып тастау туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін ҰКП бұл талапты алып тастау туралы мәселені бірнеше рет көтерген.  

 Сонымен қатара жиын барысында еліміздің жеті өңірінде мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына салынған тыйым алынып тасталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер