astana-view

Ұлттық палата кедендегі жемқорлықтың тереңдігін өлшейді

2022 жылғы 20 Шілде
9718 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушысына қазақстандық кеденнің сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалай отырып, «Тоқта, жемқорлық!» жасырын шұғыл тестіге қатысуды ұсынады.

Сауалнаманы мына сілтеме бойынша өтуге болады: hhttps://docs.google.com/forms/d/1nGXfZy-Ko1bQh5ebCvZntQJMxLLdHA3NxmaUImdRVM8/edit

Салыстырмалы талдау нәтижелері ашық жарияланады және ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

ҰКП мамандары Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі түрлері пара алу және беру екенін атап өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауалнамалар арқылы экономиканың барлық саласында, соның ішінде кеден саласында сыбайлас жемқорлық көріністерінің жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

 Ұлттық палата өткен жылы жүргізген жасырын сауалнама кеден саласында шекараны кесіп өту кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 90%-ы қандай да бір нысанда сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын көрсетті. Бұл ретте кәсіпкерлер параның «басым» үлесін Мемлекеттік кіріс органдарының өкілдеріне беруге мәжбүр.

 Кедендегі қозғалыстың барлық түрі: импорт, экспорт және транзит сыбайлас жемқорлыққа ұшырайды. Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан шекараларының қиылысуында сыйбайлас жемқорлық жағдайы көп тіркеледі.

Кеденде тауарларды құны, салмағы және тауарлардың жіктелуі бойынша құжаттарды тексеруден және тексеруден босату, құжаттардағы жүктердің салмағын өзгерту және т.б. процедуралардан өту үшін пара төлейді. Барлық параның жартысын 300 АҚШ долларына дейінгі сома құрайды.

Сыбайлас жемқорлық бағытындағы кедендік қылмыстарды жасау тәсілдері өте көп. Ең көп тараған түрлері: тауарлар мен көлік құралдарын заңсыз жолмен өткізу, тауарларды және басқа құжаттарды бұрмалау, тауарларды заңсыз шығару және т.б.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер