astana-view

Елордада BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 байқауының басталуына қатысты баспасөз конференциясы өтеді

2022 жылғы 20 Шілде
3161 просмотров

21 шілдеде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Дипломатиялық өкілдері шеберлердің, қолөнершілер мен шығармашылық кәсіп өкілдерінің арасында ұйымдастырылатын республикалық байқауды ресми түрде жариялау үшін өткізілетін баспасөз конференциясына қатысады.

Сізді іс-шараға қатысуға шақырамыз, сонымен қатар, BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 байқауын ақпараттық тұрғыдан барынша қолдауыңызды сұраймыз. Аталмыш жоба - қолөнершілер мен шығармашылық сала өкілдеріне өздерін көрсетуге, жобаларын коммерцияландыру бойынша қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін байқау. 

BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 қазақстандық өнімді экспорттық нарықтарда ілгерілету, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелерінен, яғни, кәсіпқойлардан, сарапшылардан, қолөнер, дизайн, сән, туризм және шығармашылық салалардағы мамандардан құнды кеңестер алу мен идеяларға қолдау табу мүмкіндігін береді.

Қашан: 21 шілде, 2022, басталуы 11:00.

Қайда: Мәңгілік Ел 55/8, павильон С 4.6, Astana Hub, 1 қабат, Event Hall.

Қосымша ақпарат: шараның бағдарламасы қатысуыңызды растағаннан кейін жіберіледі.

БАҚ үшін: қатысуыңызды info.bornnomad@gmail.com мекен-жайына жазып, 20 шілде, сағат 18:00 дейін растауыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер