astana-view

Ішкі нарықты полипропиленмен қамтуға басымдық беру керек – Ұлттық палата

2022 жылғы 26 Шілде
7750 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз ету өңдеу өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын дамытуға серпін береді деп санайды.

Алдағы айларда Атырау облысында полипропилен өндіру кешенін іске қосу жоспарланған. Қазақстан үшін бұл мұнай-газ химиясы өнімдерінің нетто-экспорттаушысы болу мүмкіндігі. Жобаның қуаттылығы жылына 500 мың тонна, KPI өнім желісінде 1100n, 1102k, 1104k, 1104h, 1101sc және 1125mc маркалы полипропилен шығару көзделеді. Кәсіпорын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі АЭА» АҚ интеграцияланған газ-химия кешенінің аумағында іске қосылады.

«KPI жобасы бірегей және күтілетін шикізат ел экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие. Сондықтан отндық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және шикізат базасында жаңа өндірістер құру, компания айналасында ШОБ белдеуін дамыту басым міндет болуы тиіс деп санаймыз. Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселеде компанияға көмек көрсетуге дайын», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов.

Экспортқа бағдарланғанына қарамастан, компания Қытайға, Түркияға және Еуропа елдеріне шикізат жеткізуге ниетті, кәсіпорын шикізатты отандық өндірушілерге жөнелтуге дайын.

«Кәсіпорнымыз АЭА аумағында орналасқан және бастапқыда біздің жобамыз экспортқа бағдарланған. Бірақ біз сұраныс болған жағдайда шикізатты ішкі нарыққа жеткізуге және қолжетімді баға белгілеуге дайынбыз», — деп атап өтті KPI Inc ЖШС маркетинг және өткізу қызметінің басшысы Дамир Әбелдинов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Батырбек Әубәкіров кәсіпкерлер ішкі тұтынушы үшін шикізаттың бағасы қандай болатынын түсінуі керек екенін атап өтті.

«Меншікті шикізаттың жақсы бағамен болуы жаңа жобалардың дамуына және жұмыс істеп тұрған өндірістердің өндіріс көлемінің артуына ықпал етеді», – деді спикер.

 Өндіруші полипропиленді ішкі нарыққа өнімді сақтау және аймақтарға оңтайлы бөлу үшін бірнеше аймақтық қойма салу арқылы жеткізу схемасын қарастырады.

«Атамекен» ҰКП «Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, түсіндіру кездесулерін өткізуге және ішкі нарықта полипропиленге сұранысты өзектендіруге кірісті. Бұл зерттеуге сілтеме бойынша форманы толтыру арқылы қатысуға болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfqaqvKl6XYLLvUjQ0PjTs8xB9I96y54HbK_oJnKB5M9DK5UA/viewform

Талқылау жиындарына қатысу үшін өтінімді мына электрон мекенжайға жіберу қажет; makhanov@pgca.kz немесе issayev@pgca.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер