astana-view

Жапониядан келген маман «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша оқу өткізді

2022 жылғы 01 Тамыз
5641 просмотров

Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесші Сергей Волковский «Бір ауыл – бір өнім» жобалары аясында жобалық циклды басқару мәселелеріне қатысты бірқатар оқу семиарын өткізді. Оқу БҰҰ-әйелдер құрылымының қолдауымен іске асырылды.

Алғашқы семинарлар Ақтауда Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы базасында Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан жоба қатысушыларымен өтті. Оқу «Атамекен» ҚР ҰКП 2022 жылғы 28-29 шілдеде жалғасын тапты. Оған ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті, Қостанай және Ақтөбе облыстарының іскер әйелдер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ ҰКП салалық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

 Жоба қатысушылары өңірлік бизнес-қоғамдастықтың алдында тұрған өзекті мәселелер туралы айтып, сарапшымен бірге шешім табуға тырысты. Сонымен қатар, семинар аясында қатысушылар Кайдзен және 5S қағидаттары, маркетингтің негізгі ұғымдары, жаһандық нарықтарға шығу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеді.

Оқу семинарларының практикалық бөлімі барысында жобалық жоспарлау дағдылары пысықталды: жобаның мақсаттарын анықтау, іріктеу, жобаны әзірлеу матрицасын жасау және іс-қимыл жоспарын қалыптастыру.

Сондай-ақ, Білім беру процесін сүйемелдеу бөлімінің жобаларын бағалау және мониторингілеу мәселелері қаралды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер