astana-view

Үкімет Ұлттық палатаның бастамасын қолдады

2022 жылғы 01 Тамыз
7520 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

 Қазақстанда шағын бизнес пен микро кәсіпкерлікті тексеруге мораторийді 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуға ниетті. Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында 2022 жылғы 11 тамызға дейін жария талқылау үшін орналастырылды. Бұл жарлықтың бастамашысы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 мамырда берген тапсырмасына сәйкес отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді ұзарту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметке 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын бизнес пен микро кәсіпкерлікті тексеруге мораторийді ұзарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігіне мораторийдегі ерекше жағдайларға қатысты қарсылық ресми түрде жіберілді, бірақ олар ескерілмеді.

«Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізген болатын. Бұл шара кәсіпкерлерге пандемиядан және басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалардан туындаған шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді. ҰКП-ның мораторийді ұзарту жөніндегі ұсынысын қолдағанына қуаныштымыз. Алайда, аталған редакциядағы мораторийдің ұзартылуы шартты сипатқа ие. Өйткені, алып тастауда көрсетілген бақылау түрлері шағын бизнеске салмақ салады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.

Спикердің айтуынша, қосымша ерекше шарттарды енгізу шағын бизнесті тексеру ауқымын едәуір өсуіне әкеледі. Бұл жайт өз кезегінде Мемлекет басшысының тексеруге мораторий енгізу туралы тапсырмасының беделін түсіреді. Мораторийінде ерекше жағдайлар болмауы керек, өйткені бизнес мұндай мораторий мен бақылаудың жеңілдігін сезінбейді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес орталық атқарушы және жергілікті мемлекеттік органдарға ерекшеліктердің 14 түрі бойынша кәсіпкерлік нысандарды бақылау мен қадағалаға рұқсат етіледі. Соның ішінде ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер, бақылау сатып алу түріндегі тергеулер мен профилактикалық бақылау бар.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілердің саны тексерулердің басқа түрлерінің санынан басым. Мысалы, 2019 жылы мораторий енгізілгенге дейін шағын және микрокәсіпкерлік нысандарын жоспардан тыс тексеру барлық тексерулердің 54%-ын (50732) құрады. Мораторий кезеңінде 2020 жылы шағын және микрокәсіпкерлік объектілерін жоспардан тыс тексеру 9248 немесе 99%, ал 2021 жылы барлық тексерулердің 91%-ын (9171) құрады.

Анықтама:

Жоспардан тыс тексерулер:

сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары;

адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);

қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

салық төлеушінің жолданымдары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер;

2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізінде жүзеге жүргізілетін бақылау сатып алу түріндегі тергеп-тексеру және профилактикалық бақылау;

3) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан көліктік бақылау бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне байланысты тексерулер;

4) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға байланысты тексерулер;

5) карантиндік аймақтарда және карантиндік аймақтардағы және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз пункттеріндегі, ошақтарындағы, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарындағы іс-шараларды мемлекеттік бақылауға және қадағалауға байланысты тексерулер;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына байланысты тексерулер;

7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттық бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауға байланысты тексерулер;

8) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты тексерулер;

9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге байланысты тексерулер;

10) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, ветеринариялық-саниатариялық бақылауды жүргізуге байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға байланысты тексерулер;

11) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға байланысты тексерулер;

12) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылауға және қадағалауға байланысты тексерулер;

13) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуына байланысты тексерулер;

14) әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексерулер.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер