astana-view

Қостанай облысындағы өрттен өңірлік бизнеске келген залал 200 млн теңгеден асты

2022 жылғы 07 Қыркүйек
4653 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы  жедел штабтың жұмысына белсенді араласып келеді. Өрт аймағында зардап шеккен кәсіпкерлерге консультациялар өткізіп, кәсіпорындардың шығынын апат орнына барып бағалап, паспорт дайындайды. Бизнестен түскен көмекті жинап, бизнеске табыстайды. Бұл туралы Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте ӨКП директоры Данияр Күзенбаев хабарлады.

Қазір бүлінген бизнес нысандарының саны – 18, оның ішінде Әулиекөл ауданында - 17, Қарасу ауданында – 1. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жабдықтарынан 1 комбайн, 1 трактор жанып кеткен. 

12 кәсіпкердің айтуынша, олардың мүліктік залал сомасы 200 млн теңгеден асады, ал 6 нысан залал сомасын анықтап жатыр. Дәмхана, ТҚКС, сауда және ауылшаруашылық тауар өндірушілері сияқты шағын бизнес өкілдері зардап шегіп отыр.

«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдайдың алғашқы сағаттарында жедел штаб құрылды. Онда зардап шеккен кәсіпкерлер, сондай-ақ елдегі бизнес өкілдерінің Қостанай облысына жіберетін көмегіне қатысты ақпарат жиналады.

«Мен Өңірлік кеңес мүшелерімен бірге Әулиекөл ауданына зардап шеккендерге азық-түлік, киім және басқа да гуманитарлық көмекпен екі рет бардым. Сондай-ақ, біз қаржы мекемелерінің басшыларымен қарыздарды есептен шығару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Банктер қаржы мекемелерінің атына жазылған тиісті хаттарды қарап жатыр. Мүлігіне залал келген бизнес субъектілері анықталды, кері байланыс орнатылды, мүлікті тексеру акті әзірленді, нысандарды фото және видеоға түсіріп жатыр. Өрттен зардап шеккендердің толық тізімін, соның ішінде залал сомасы мен несиелік берешекті анықтау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қоңырау шалу жалғасып жатыр», - деді Данияр Күзенбаев.

Қазақстандық кәсіпкерлер өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін шамамен 200 млн теңге (Kostanay Music Fest - 50 млн теңге және «Агромашхолдинг КЗ» ЖШС Allur зауытымен бірлесіп - 100 млн теңге), сондай-ақ 56 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады. Қостанай халқын Қазақстанның әр түкпіріндегі өңірлік кәсіпкерлер палаталары белсенді қолдап отыр.

6 қыркүйекте Шығыс Қазақстан Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан жолданды. Сондай-ақ, Түркістан облысынан 3 жүк көлігі, мектеп формасының жаңа жиынтықтары бар 2 жүк көлігі, Ақмоланың кәсіпкерлер палатасынан азық-түлік келді.

Бүгін гуманитарлық көмек тиелген фуралар Түркістан облысы, СҚО, Шымкент, Нұр-Сұлтан өңірлік палаталарынан шықты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер