astana-view

Қостанай облысының әкімі Аманқарағайда өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті

2022 жылғы 13 Қыркүйек
- Қостанай облысы
9388 просмотров

Кездесу барысында Архимед Мұхамбетов өрттен зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен көмек шаралары туралы айтты. Белгілі болғандай, 91 үй салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 13 мердігерлік ұйым айналысады.

Жаңа үйлерді салуға Әулиекөл ауылындағы жер учаскесі таңдалды. Әулиекөл ауылының бас жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына жалпы ауданы 53 га жер учаскесі бар. Осы жер учаскесінен 10 сотық учаскеде әрқайсысының ауданы 100 ш.м. тұрғын үй салу үшін 12 га бөлінді.

 Жер учаскелері қажетті инфрақұрылым: су, газ, электр қуаты, сонымен қатар кіреберіс жолдармен қамтамасыз етіледі. Бой көтеретін жаңа үйлер өрттен зардап шеккен азаматтардың меншігіне берілетінін атап өткен жөн. Құрылыс жұмыстары техникалық және авторлық қадағалаудың бақылауына алынған.

Сондай-ақ, өрт кезінде ауыл тұрығындарының малы қырылуына байланысты залал өтелетін болады. Бұл жағдайда залалды өтеу жергілікті бюджет және «Қайырымдылық КZ» қоғамдық қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Өтінім беру үшін Әулиекөл ауданының әкімдігіне жүгіну керек.

Ауыл тұрғындарынан бөлек, өрт кезінде 14 кәсіпкерлік субъекті зардап шекті. Барлық нысан бойынша келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 Облыс әкімі шығындарды өтеу келтірілген залалды бағалағаннан кейін және кәсіпкердің тиісті растайтын құжаттары болған жағдайда ғана жүргізілетінін атап өтті. Бұл жұмысқа Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бірінші күннен бастап атсалысты. Гуманитарлық көмекті Қостанай облысының ӨКП, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен кәсіпкерлер палаталары көрсетті.

Өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыста «Қайырымдылық КZ» бірыңғай қоғамдық қоры жұмыс істейді. Қор қаражатынан барлық зардап шеккен отбасыларға 1 млн. теңгеден төлеу туралы шешім қабылданды. Құжаттарын толық көлемде ұсынған алғашқы 24 алушыға карта шотына 1 млн теңгеден аударылды.

 Бұдан бөлек, еліміздің ірі бизнес өкілдері Әулиекөл ауданына демеушілік көмек көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер