astana-view

Бизнес-омбудсмен Конаев қаласында кәсіпкерлерді жеке қабылдады

2022 жылғы 16 Қыркүйек
- Жетісу облысы
4468 просмотров

 

 

Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Қуанышбек Мұқаш келді.

 

Қонаев қаласының кітапхана ғимаратында бизнес-омбудсмен кәсіпкерлерді жеке қабылдады. Өңірдің бизнес-қоғамдастығы проблемалық мәселелері бойынша тікелей жүгіне алды.

Атап айтқанда, ЖК «Әбдіровтің» жағдайы Рустам Жүрсіновтің пікірінше парадоксалды, ол бұл мәселені шешуге жеке өзі араласуға ниетті. Ол істің мән-жайын объективті түрде және жан-жақты зерттеп, осы мәселе бойынша заңды және негізделген шешім қабылдануына мүдделі.

Жасалған өтеусіз пайдалану шартына сәйкес 2021 жылғы наурыздан 11 мамырға дейін ЖК «Әбдіров» ғимаратында COVID-19 науқастарына арналған инфекциялық стационар орналасқан.

Ал мамыр айынан бастап Іле ауданының әкімдігі мен Іле аудандық орталық ауруханасы басшылығы кәсіпкердің мүлкін заңсыз пайдаланған. Оларға кәсіпкер бірнеше рет хат пен талаптар жолдады, алайда жауап болмады. Сарапшының қорытындысына сәйкес кәсіпкерге келтірілген шығын шамамен 81 млн.теңгені құрайды.

 

«Фирма Бент» ЖШС елдің темір жол саласындағы қолданыстағы сатып алу саясатын өзгертуге ықпал етуді сұрады.

«Бент» фирмасы ҚР теміржол инфрақұрылымы үшін еуропалық стандартты рельстік бекемдеуі бар темірбетон шпалдарының ірі отандық өндірушісі болып табылады. Өнімді сату негізінен «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ өткізетін тендерлер аясында немесе «Теміржол жөндеу» ЖШС және «Integra Construction» ЖШС жеке мердігерлік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, өндіруші өзі өндіретін өнімнің тек 30%-ын тікелей сата алады, ал қалған көлемін жоғарыда көрсетілген мердігерлік ұйымдар сатып алады. Бұл ретте мердігерлік ұйымдар бұл үшін өндірістік желінің болмауына байланысты өнімнің осы түрін өндіру мүмкіндігіне ие болмаса да, оны қайта сатумен айналысады, олар өнімді өндіруші зауыттардан сатып алып, ешқандай күш жұмсамай, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-на қайта сатады.

 

«Бұл мәселе республикалық деңгейде қаралады», - деді Рустам Жүрсінов

 

Кәсіпкерлердің барлық өтініштерін тыңдаған бизнес-омбудсмен барлық айтылған мәселелерді шешуге барынша күш салатынын және белсенді көмек көрсететінін мәлімдеді. Конаев қаласының кәсіпкерлер палатасы бірқатар мәселелерді назарға алды, бұл мәселелер жергілікті деңгейде пысықталатын болады.

 

Сондай-ақ бизнес-омбудсмен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер