astana-view

«Атамекен» оңтүстіктегі диірменшілерге қысқа мерзімде шиказат алуға көмектесті

2022 жылғы 21 Қыркүйек
7140 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-пен бірлесе отырып, Оңтүстік Қазақстанның ұн тарту кәсіпорындарына шикізат алуға көмектесті.

Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының жедел араласуынан кейін астық тиелген 70-тен астам вагонды жеткізу жеделдетілді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ҰКП, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, вагон операторлары және жүк жөнелтушілер/жүк алушылардың қатысуымен ұн мен астық тасымалдау жөніндегі жедел штаб құрылды. Штаб жұмысының бір аптасында тасымалдауды нақты жоспарлау, жүктерді уақтылы тиеу/түсіру, вагондармен қамту қамтамасыз етілді. Бұл жүмыс отандық кәсіпкерлердің қызметіне оң әсер етеді.

Шикізат жеткізу, тасымалдау проблемаларына тап болған кәсіпкерлер «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментіне мына пошта арқылы хабарласа алады: g.zhumataev@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер